{metadescription}
Назарбаевтың сынынан кейін Досаев ауыл-аймақты араламақ
Назарбаевтың сынынан кейін Досаев ауыл-аймақты араламақ

Назарбаевтың сынынан кейін Досаев ауыл-аймақты араламақ

Жұрттың жаппай наразылығынан соң Ерболат Досаевтың өзі ауыл-аймақты аралап, тұрғындарға Жер кодексін түсіндірмек. Экономика министр тіпті азаматтардың кез-келген сұрағына жауап беремін деп отыр.

Өйткені, даулы құжатты дәл осы Ұлттық экономика министрлігі әзірлеп, Парламентке бекіттіріп алған еді. Досаевтың айтуынша, Үкімет шетелдіктерге ауыл шаруашылығына арналған жерді жалға беру уақытын ұзартуға мәжбүр болыпты. Өйткені, 10 жылды азсынған инвесторлар елімізде егін егіп, мал бағуға мүлдем қызығушылық танытпаған. Ал, ел азаматтарына жерді түбегейлі сатып алуына болады. Сондықтан, Ұлттық экономика министрлігі жаңа Жер кодексін сол күйде өзгеріссіз қалдырмақ.

Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:

-Қазақ үшін жер қасиетті екенін білеміз. Сондықтан, шешім қабылдарда жан-жақты таразыладық. Қосымша қаржы, жаңа технология тарту үшін мерзімді ұзартып отырмыз. Өзім аймақтардағы ауыл, ауданды аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргіземін. Азаматтардың кез-келген сұрағына жауап беруге дайынмын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде