{metadescription}
Ұйқы бермейтін радионың үнін өшірте алмаған Петропавл тұрғындары шу шығарды
Ұйқы бермейтін радионың үнін өшірте алмаған Петропавл тұрғындары шу шығарды

Ұйқы бермейтін радионың үнін өшірте алмаған Петропавл тұрғындары шу шығарды

Қызылжарлықтар құлақсыз қалатын болды. Петропавл тұрғындары ірі сауда орындарының айғайлап айтатын хабарландыруынан мезі болып жатыр. Таңертеңнен түннің ортасына дейін толастамайтын радио  үнінен өзіміз де, бала шағамызда да ұйқыдан қалдық дейді олар. Арыз айтып, құзырлы орындарға шыққан екен. Бірақ одан нәтиже болмаған соң ғаламторда бірігіп, қол жинауға шыққан.    

Болат Бейсенбаев мына пәтерді осыдан 8 жыл бұрын сатып алыпты.  Бұған дейін өзі үйінде еркін демалатын ол енді терезе ашудан қалған. Жақын маңдағы супермаркеттің радиосы құлақ етінің құрышын жеп бітірді дейді.

Болат Бейсенбаев, Петропавл қаласының тұрғыны:

-Кей кезде демалайын десең, мына радио, хабарландыру ұйқы бермейді. - Терезені ашпауға болмай ма?

- Терезені, енді таза ауа кіру керек қой. Таза ауаны ашайын десең, жұмыстан келіп демалайын десең, осындай.

Аудиожарнамадан мезі болғандар қазір ғаламторда бірігіп, бес жүзге жуық қол жинапты. Енді онысын қала әкіміне ұсынбақшы. Алайда бұл шараны ұйымдастырушылар атқамінерлердің кәсіпкерлерге әмірі жүре қоятынына сенбейді.

Ринат Исмайылов, Петропавл қаласының тұрғыны:

-Шенеуніктер ештеңе істей алмаймыз деп отыр. Өзімнің де дауыс зорайтқыш көлігім бар. Әкімдіктің алдына тұрып айғайласам, олар маған ештеңе істей алмайды ғой, сонда?

Аудиожарнама айғайынан шаршаған жұрт тұтынушылар құқығын қорғау басқармасына шағымды қарша боратыпты. Ондағылар сауда орындарына жақын орналасқан пәтерлерді арнайы құралмен тексерген.   

Еркін Ыбраев, Петропавл қалалық тұтыншулар құқығын қорғау басқармасының басшысы:

-Талапқа сай шудың күші 40 децибелден артық болмауы тиіс. Біз тексерген пәтерлерде бұл көрсеткіш 70-ті құрады. Тексеру әлі жүріп жатыр. Ол аяқталған соң кәсіпкерлерге хаттама толтырамыз, егер дауыс зорайтқыштарының үнін өшірмесе, істі сотқа береміз.

Мамандардың айтуынша, бір жағынан тексеру жүріп жатқан соң, екінші жағынан халықтың шағымы көбейген соң кәсіпкерлердің кейбірі  радио үнін аз да болса бәсеңдетіпті. Дауыс зорайтқыштарын алып тастағандары да бар. Ал халықтың сөзіне мүлдем құлақ аспағандары енді 200 мың теңгедей айыппұл төлеуі мүмкін. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде