{metadescription}
Астанада жаңа туған сәбиін далаға тастап кеткен келіншек  Ақтөбеден табылды
Астанада жаңа туған сәбиін далаға тастап кеткен келіншек  Ақтөбеден табылды

Астанада жаңа туған сәбиін далаға тастап кеткен келіншек Ақтөбеден табылды

Астанада жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігінің маңына тастап кеткен безбүйрек ана Ақтөбенің тұрғыны боп шықты. 21 жастағы келіншек арнайы Елордаға келіп, мемлекеттік қызметкерлер тұратын үйдің бірінде  босанған.

Мерзімінен бұрын босанған  әйел 7 айлық ұлын көрпеге орап қоқыстың арасына тастай қашыпты. Сосын түк болмағандай Ақтөбеге кетіп қалған. Бірақ, тыңғылықты тінту жүргізген астаналық полицейлер безбүйрек ананы Ақтөбеден ұстап, Елордаға алып келді. Азаматтық некеде тұрған күйеуі де бар екен. Ал далаға тастап кеткен ұлы тұңғышы. Қолхатпен бостандықта жүрген келіншек мұндай жантүршігерлік әрекетінің себебін ашып айта қоймапты. Шала туған шақалақ болса қазір ауыр хәлде перзентханада аппараттың көмегімен тыныстап жатыр. Енді жазылып кеткеннің өзінде де шешесіне қайтарылмай, жетімдер үйіне табысталуы мүмкін.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.