{metadescription}
Павлодарда мемлекеттік бағдарламамен салынған үйдің қабырғасы қақырап, төбесі жарылып жатыр
Павлодарда мемлекеттік бағдарламамен салынған үйдің қабырғасы қақырап, төбесі жарылып жатыр

Павлодарда мемлекеттік бағдарламамен салынған үйдің қабырғасы қақырап, төбесі жарылып жатыр

Павлодарда мемлекеттік бағдарлама бойынша баспаналы болған көп балалы әйел шенеуніктерге өкпелі. Алтын Әлкенова Ленин кентіндегі жаңа үйге осыдан 4 жыл бұрын көшіп келген. Бірақ отбасының бұл қуанышы ұзаққа созылмапты. О бастан іргетасы дұрыс қаланбаған үйдің қабырғасы мен төбесі жарылып кеткен. Ал әкімдік бірнеше рет жөндеу жасағанымен пайдасы жоқ. Құрылыс кемшіліктерін тізіп сотқа шағымданған көпбалалы әйел енді апатты жағдайдағы баспананы ауыстырып беруді талап етуде.

Бес балалы Алтын Әлкенова төрт жыл бұрын «баспаналы боласың» дегенді естігенде өз құлағына өзі сене алмағанын айтады. Онда да шенеуніктер басыбайлы емес, баспананы кейін сатып алу мүмкіндігімен тек жалға берген. Соған да шүкіршілік еткен отбасының қуанышы ұзаққа созылмапты. Қабырғалары жарыла бастаған үй іші, әсіресе, аязды күні азынап кетеді. Қанша отын жақса да бөлмелер жылынбайды.

Алтын Әлкенова, көпбалалы ана:

-Он тонна көмір 90 мың теңге. Мен осында келгеннен бері бүкіл шығын келіп жатыр. Жыл сайын санағанда он тонна көмір алам. Одан кейін ағаш жағамыз. Су сатып аламыз. Айына 6 мың теңге аренда төлеймін. Не үшін төлейміз?

Азынаған үйде балаларының жиі ауыратынын айтқан әйел, әсіресе, мүгедек қызы үшін мұнда еш жағдай жоқ дейді. Мәселені көтеріп талай табалдырықты тоздырғанымен, көмек болмапты. Ал жылы да жайлы баспананы уәде еткен атқамінерлер мұнда бірнеше рет жөндеу жүргізген. Бірақ іргетасы кірпіштен салынған үй іші сол күйі жылынбаған. 

Ал әкімдіктегілердің бұл жағдайға байланысты өз айтары бар. Тиісті жөндеу жасатып берген олар көпбалалы әйелдің кезекті назын орындай алмайтындарын жеткізді.

Асқар Ғазизов, Павлодар қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

-Үш жылдан астам уақыт бұл азаматша ауыл мекендегі үйдің Павлодарда пәтерге ауыстыруды сұрайтын болды, бірақ осы шараға заңды негіз жоқ. Қазіргі таңда ол азаматша бала тәрбиелеп отырған отбасы ретінде баспана алу кезегінде 2189-шы болып тұр.

Үйіне бір емес, бірнеше рет тексеріспен келген шенеуніктерден еш қайыр көрмеген әйел құрылыс кемшіліктерін тізіп, сотқа да барған. Арнайы сарапшыларды шақыртқан ол онда үйінің апатты жағдайда екенін дәлелдегесі келеді. Қабырғалары жарылған баспанада төрт жыл бойы жаураған отбасы үй ауыстырылмаса, жалға алу ақысын төлемейтіндерін мәлімдеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.