{metadescription}
Оралда сүңгуірлер cуға кеткен баланы таппай жатыр
Оралда сүңгуірлер cуға кеткен баланы таппай жатыр

Оралда сүңгуірлер cуға кеткен баланы таппай жатыр

Оралда сүңгуірлер төртінші тәулік cуға кеткен 7 жасар баланы  іздестіруде. Ал осыншама уақыт бұрын жоғалып кеткен 80 жастағы қарияның мәйіті бүгін Жайық өзенінен табылды. Жеткіншектің туыстары болса әлі де баланың аман-сау оралатынына үміттеніп отыр.

Бала Оралдан 280 шақырым жердегі Тайпақ ауылында жоғалған. Далада ойнап жүрген ол үйіне оралмапты. Бүкіл жерді тінтіп шыққан құтқарушылар оны Жайыққа түсіп кетті деп болжап, іздеу жұмыстарына сүңгуірлерді тартты. Сондай-ақ, осы мезгілде ағысы қатты өзенге 80 жастағы қарияның да кеткені туралы ақпарат жетеді. Мал бағуға кеткен оның кеш батқанда алдындағы төрт түлігі мен төбеті иесіз оралыпты. Күдіктенген туыстары бірден тәртіп сақшыларына хабар берді. Сол күні айналаны қарап шыққан құтқарушылар Жайықтың жағасынан ақсақалдың таяғын ғана тапқан. Ал бүгін түс ауа өзен түбінен қарияның мәйіті шығарылды. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.