{metadescription}
Оңтүстікте студент қыздың жоғалуына қатысты алғашқы болжамдар айтыла бастады
Оңтүстікте студент қыздың жоғалуына қатысты алғашқы болжамдар айтыла бастады

Оңтүстікте студент қыздың жоғалуына қатысты алғашқы болжамдар айтыла бастады

Оңтүстік Қазақстанда 17 жасар студент қыз үш тәуліктен бері іздестірілуде. Бірінші курста оқитын Әйгерім Оспанбекова мамырдың онында өзі тұратын Сарыағаштан Шымкенттегі оқуына жол тартқан. Телефонмен соңғы мәрте құрбысына хабарласып, қалаға жақындағанын айтып, такси жүргізушісінен қорқып отырғанын жазып жіберіпті. Содан бері еріктілер мен туыстары бойжеткенді шарқ ұрып іздеп таппай жатыр.

Әйгерім оқитын университетте бірнеше күннен бері тыныштық жоқ. Ауруханаларды түгел айналып шыққан тәлімгерлер құрбысын жан-жақтан іздеп, тіпті парақшаларды қолмен жазып жатыр. Ал кейбірі әлеуметтік желілер арқылы студенттің жоғалғаны туралы жан-жаққа хабар таратуда. Әзірше елең еткендер саны көп емес.

Ағылшын тілі мамандығын оқитын бірінші курс студенті демалыстан кейін, 10-мамырда Сарыағаштағы үйінен Шымкенттегі оқуына шыққан. Жолай бірнеше мәрте телефонымен жатақханада бірге тұратын құрбыларымен сөйлескен ол, үрейленіп келе жатқанын да жазған екен. Бірақ көліктің не нөмірін, не маркасын айтып үлгермепті.

Айжан Омархан, Әйгерімнің құрбысы:

-«Қайда жеттің?» деп  жаздым. Шымкентке жақындап қалдым деді.  Біртүрлі адам екен,  жүргізушіден қорқып келе жатырмын деді. Одан кейін 5-тер шамасында хабарласып едім, телефоны өшіп қалған.

Шымкентте жүрген ағалары Әйгерімнің суреті мен ақпараты жазылған плакаттарды көшеге іліп жүр. Өздері қыздың жоғалғанын жақсылыққа ғана жорығысы келеді.

Нұрзат Оспанбеков, Әйгерімнің ағасы:

-Бізде  алып қашқан шығар деген ой бар. Көрмеген жеріміз жоқ. Сарыағаш пен Шымкенттің ортасының барлығын. Ауылдарды көріп шықтық. Қаланы да көріп жатырмыз.

Әйгерімді іздеуге қазір полицейлер де қосылды. Тәжірибелі қызметкерлерден құрылған арнайы топ енді облыстық жолдарды да тексермек. Әзірше, оның фотосуреті мен ерекше белгілері жергілікті телеарналар мен газеттерге шығарылып жатыр. Ал ертеңнен бастап бойжеткенді іздеуге дені студенттерден жасақталған жүз шақты еріктілер кіріспек.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.