Елімізде желілік маркетингтің жұмысына тыйым салынуы мүмкін. Бүгін депутаттар адам санын көп тіркеп, желі құрып сауда-саттық жасайтын компаниялардың бизнесін заң бойынша тоқтатуды талап етті. Желілік маркетингпен айналысатындар қарапайым халықты қанап жатыр дейді депутаттар.
Депутаттар желілік маркетингтің жұмысына тыйым салуды ұсынды
Депутаттар желілік маркетингтің жұмысына тыйым салуды ұсынды

Депутаттар желілік маркетингтің жұмысына тыйым салуды ұсынды

Елімізде желілік маркетингтің жұмысына тыйым салынуы мүмкін. Бүгін депутаттар адам санын көп тіркеп, желі құрып сауда-саттық жасайтын компаниялардың бизнесін заң бойынша тоқтатуды талап етті.

Желілік маркетингпен айналысатындар қарапайым халықты қанап жатыр дейді депутаттар. Яғни, шетелдік өндірушілердің Қазақстандағы өкілдері тауарды бірнеше есеге қымбат сатып қана қоймай, «қомақты табыс табасың» деп жұртты алдайды. Өйткені, бұл бизнестің басты талабы – компанияға тіркелгендердің саны барынша көп болуы тиіс. Мұндай үгіттеуге әсіресе әлеуметтік жағдайы жоқтар, студенттер мен үйде отырған қыз-келіншектер тез ереді. Тіпті, осы бизнеспен айналысамын деп ажырасып кетіп жатқан жанұялар да аз емес. Жалпы, желілік маркетинг бойынша көбіне косметикалық заттар мен биологиялық қоспалар сатылады. Қаржылық пирамидаға ұқсас, қулығы көп кәсіпке мәселен, Корея мен АҚШ-та тыйым салынған. Енді Үкімет қолдау білдірсе, мұндай бизнес біздің елде де құрдымға кетуі ықтимал.

Жамбыл Ахметбеков, Мәжіліс депутаты:

-Желілік маркетингтің жұмысы дамыған сайын, қарапайым халық зардап шегуде. Оның 2 жыл бұрын тыйым салынған қаржылық пирамидадан еш айырмашылығы жоқ. Бұл – жұртты алдап, арбаудан құралған бизнес. Егер, тұрғындарды алаяқтардың құрсауынан шұғыл құтқармасақ, әлеуметтік толқуларға соқтыруы мүмкін.

Вчера6

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...