Павлодарда зейнеткер әйел төртінші қабаттан секіріп өлді. Марқұм Мәскеуден келуі тиіс әртіс ағасын күтумен жүрген екен. Жалғыздық пен сары уайым –өзіне қол салуға себеп болуы мүмкін дейді көршілері. Тапа –тал түсте үйдің артындағы аулада жатқан мәйітті көрген тұрғындар шошып, полицейлерге хабар...
Павлодарда жалғыздықтан шаршаған зейнеткер секіріп өлді
Павлодарда жалғыздықтан шаршаған зейнеткер секіріп өлді

Павлодарда жалғыздықтан шаршаған зейнеткер секіріп өлді

Павлодарда зейнеткер әйел төртінші қабаттан секіріп өлді. Марқұм Мәскеуден келуі тиіс әртіс ағасын күтумен жүрген екен. Жалғыздық пен сары уайым –өзіне қол салуға себеп болуы мүмкін дейді көршілері. 

Тапа –тал түсте үйдің артындағы аулада жатқан мәйітті көрген тұрғындар шошып, полицейлерге хабар берген. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары оның өз пәтерінің терезесінен құлағанын анықтады. Құтқарушылардың көмегімен есікті бұзып кірген тергеушілер зейнеткердің үйінен қылмыс белгілерін таппапты. Ал марқұм әйелді танып білгендер оның соңғы кезде сыртқа шығудан қалғанын айтады.

Зинаида Буликоп, Павлодар қаласының тұрғыны:

– Бұл әйел жалғыз тұрады, шешесі қайтыс болған. Бұрын инженер болып қызмет еткенін білемін.Сырқаттанып жүргенін естігенмін. Бірақ, ешкіммен араласпайтын. Мәскеуде танымал әртіс ағасы тұратынын айтып жүретін. 

Вчера6

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...