{metadescription}
Алматыда жазасын өтеп жатқан келіншек изолятор қызметкерлері зорлады деп шу шығарды
Алматыда жазасын өтеп жатқан келіншек изолятор қызметкерлері зорлады деп шу шығарды

Алматыда жазасын өтеп жатқан келіншек изолятор қызметкерлері зорлады деп шу шығарды

Алматыда тергеу абақтысының қызметкерлері қазір жазасын өтеп жатқан әйелді зорлады деп айыпталуда! 32 жастағы Наталья Слекишина 155/18 мекемесінде жатқанда 4 азаматтың жыныстық қатынасқа мәжбүрлегенін айтты. Ол тіпті сол кезде жүкті болып қалған. Бірақ жақында ғана туылған баланың әкесі кім екені белгісіз. Ал қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері тағылған айыпты мойындамай отыр.

32 жастағы Наталья Слекищина тергеу қапасында талай қорлық көргенін айтады. Өткен жылдың тамызында сондағы 4 қызметкер оны зорлап кеткен көрінеді. Содан кейін ол жүкті болып, жуырда ғана қыз баланы дүниеге әкелген. Бірақ Нәзира деген ат қойылған нәрестенің әкесі төртеудің қайсысы екені белгісіз.

Наталья Слекишина, жәбірленуші:

– Олар төртеу болды. Сондықтан баланың әкесі кім екенін білмейміз. Қазір ДНК-ның нәтижесін күтіп отырмыз. Жедел уәкіл, режим бастығы, күзетші және старшина қосылып зорлады.

Баланың әкесін анықтайтын сараптама Натальяның өзі шағым түсіргеннен кейін тағайындалған. Тек 10 ай бойы нәтижені күтіп шаршапты. Түрме қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс те қозғалған екен. Бірақ, жәбір көрген әйел істің де шала жүргізіліп жатқанын айтып отыр.

Наталья Слекишина, жәбірленуші:

– Міне, 10 ай өтті. Ешқандай қозғалыс байқалмайды. Шағым жазбаған жерім жоқ. Тек қылмыстық істің қозғалғаны туралы жазылған қағаз аламын. Қазір бас прокуратураға жазып жатырмын.

Натальяның өзі алаяқтық үшін сотталған. Қазір Алматы облысындағы Жауғашты түрмесінде. Оның осында туылған Нәзирадан бөлек 2 баласы бар екен. Олар жаңа бауырлары барынан бейхабар. Әйел зорлықшылар жазаға тартылса деп отыр. Алайда тергеу абақтысының басшылығы да, аталған төрт қызметкер де тағылған айыпты мойындаған жоқ.

Сергей Курилов, ЛА-155/18 мекемесі бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары:

-Әйелдің өзі тергеуге, сот отырыстарына барып-келіп жүрді. Оның сол жақтарда жүкті болып қалуы да мүмкін. Бәрін тергеу көрсетеді. Дегенмен, қызметкерлеріміздің мұндай әрекетке бармайтынына сенімдімін.

Кәні тағылып отырған 4 азамат та осы мекемеде ұзақ уақыттан бері қызмет етіп келеді. Бәрінің жасы 35-тен асқан. Бала-шағалары да бар.

Қазір айыпталған 4 қызметкер де жұмыс орнына емін-еркін келіп жүр. Ал, түрмеде отырған әйелді зорлағандары дәлелденсе, қызметтен қуылып қана қоймай, тиісті жазаға тартылатын болады. Бірақ, бұл Наталья Слекищинаның жазасын жеңілдетуге көмектеспек емес. Яғни, ол қандай жағдайда да тиісті 8 жыл мерзімін өтеп шығуға міндетті. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

10 сәуір

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде