{metadescription}
Төлешов төңкеріс жасап, ел билігін күшпен басып алмақ болған
Төлешов төңкеріс жасап, ел билігін күшпен басып алмақ болған

Төлешов төңкеріс жасап, ел билігін күшпен басып алмақ болған

Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті атышулы шымкенттік кәсіпкерге осы жымысқы ойын іске асыру үшін көмектеспек болғандардың да ұсталғанын мәлімдеді. Сыбайластар арасында Бас прокурордың бұрынғы бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облыстың Ішкі істер департаментінің экс-бастығы мен бірнеше әскери бөлімнің командирлері бар. Қалталы кәсіпкердің ақшасына жер-жерде бүлік ұйымдастырып, билікті қолға алғысы келген осы топ тіпті жер реформасына қатысты наразылықтарды да пайдаланып кетпекші болыпты.

Жыл басынан бері Астанада қамауда отырған Тоқтар Төлешовтың ісі бүгін жаңа қарқын алды. Шымкенттік танымал кәсіпкер есірткі сатып, қылмыстық топтарды қаржыландырып қана қоймаған екен. Оның басты мақсаты – алдеқайда жоғары. Елдің түкпір-түкпірінде төңкеріс жасап, билікті басып алмақшы болыпты.

Руслан Қарасаев, ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің өкілі:

-Билікті күшпен басып алуға дайындық жұмыстарын жүргізгені, ал өткен жылдан бастап нақты белсенді әрекеттер жүргізгені туралы толық мәліметтер алынған. Оның жоспарында, елдегі жағдайды тұрақсыздандыру. Наразылық шараларын және жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру.

Еліміздің бірнеше қаласында өткен жер реформасына қатысты қарсылық шараларын да осы Төлешов ұйымдастарған дейді тергеушілер. Яғни, ел ішінде іріткі салып, жұртты билікке қарсы айдап салған. Ал, оның жасырын қоймаларынан түрлі қару-жарақ пен жарылғыш заттарға дейін табылған.

Руслан Қарасаев, ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің өкілі:

- «Жер реформасы» деп аталатын наразылық шаралары Төлешов мырзамен өткен жылы желтоқсанда дайындалып, онымен қаржыландырылғаны расталды. Аталған наразылық акциялар бұдан да ерте өткізілуі керек еді. Бірақ, Төлешовтың тұтқындалуына байланысты, акция уақыты өзгертілген.

Осы жымысқы ойды іске асыру үшін Төлешов жалғыз әрекет етпепті. Бас прокурордың бұрынғы орынбасары Ілияс Бақтыбаев, ОҚО ішкі істер департаментінің бұрынғы басшысы генерал майор Ғибратулла Досқалиев, оның орынбасары Сәкен Айтбеков, №35/848 және №55/652 әскери бөлімдерінің командирлері Бекзат Жумин мен Қайрат Пернебаев сияқты күш құрылымдарының лауазымды өкілдерімен ауыз жаласқан. Бұлардың барлығы қазір қамауда. Сыбайластар саны әлі де артуы мүмкін.

Естеріңізге салсақ, шымкенттік олигарх биыл қаңтардың 30-да ұсталған болатын. Кейін арнайы жасақпен Елордаға жеткізіліп, ісі қазір құпия тергелуде.

Жалпы Тоқтар Төлешов Шымкенттегі сыра зауытының иесі ретінде ғана емес, түрлі әрекеттерімен де таныс. Мәселен, әкесінің туған күнінде олигарх Ресейден сарбаз алдырып, әскери парад өткізген. Оның үстіне осы Ресейдің құрамына кіруді қалайтын сепаратистерді қолдады деген мәліметтер бар. Голливуд стильінде фильм түсіріп, ұл-қыздарының туған күніне гонорары миллион доллардан кем емес әнші-әртістерді мұхиттың ар жағынан алдырды.

-Тоқтар Төлешовке қатысты тергеу жұмыстары әлі жүріп жатыр. Оны Ұлттық қауіпсіздік комитеті өз қолына алған. Ал, тергеу аяқталған соң қылмыстық іс сотқа жіберіледі. Болжам бойынша ол жабық режимде өтуі мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде