{metadescription}
Елімізде соңғы 5 жылда болған терактілердің тізімі
Елімізде соңғы 5 жылда болған терактілердің тізімі

Елімізде соңғы 5 жылда болған терактілердің тізімі

Қазақстан аумағында қандықолды қылмыскерлердің ылаң салуы бұл бірінші емес. Бұған дейін де лаңкестер алғашқы құйтырқы әрекетін осы Ақтөбеде бастаған. Жанкештілер өз-өзін жарып қана қоймай, бірнеше рет бейбіт тұрғындарды ажал құштырды. Соңғы бес жылда болған осындай терактілерді тілшілеріміз тізіп көрді.

Ақтөбе ҰҚК департаменті ғимаратында жарылыс жасаған жанкештінің өзі өліп, 3 кісіні жаралады.

2011 жыл маусым-шілде. Қарулы лаңкестер Ақтөбе облысының Шұбарши ауылында бірнеше күн бойы ылаң салып, 4 полицей ажал құшты. Кейін 9 содырдың көзі түгел жойылды Атырау қаласында екі рет жарылыс болып, жанкештінің өзі өлді.

2011 жыл қараша. Мақсат Қариев Тараз көшелерінде ылаң салып, 5 полицейді, 2 бейбіт тұрғынды ажал құштырды. Кейін өзін-өзі жарып жіберді.

2011 жыл желтоқсан. Алматы облысының Боралдай кентінде қарулы топқа қарсы арнайы операция барысында 7 сарбаз қаза тапты.

2012 жыл шілде. Алматы облысының Таусамал ауылында лаңкестерге қарсы арнайы операция кезінде 9 адам өлді. Естеріңізде болар, Таусамалында шілдеде болған жарылыс, Таң ықшамауданында жанып кеткен үй, Ақкент тұрғын үй кешенінде де шатақ шығарып қарулы қақтығыс жасағандар пәтер жалдап тұрғандар еді.

2012 жыл шілде. Алматы қаласындағы «Ақкент» ықшамауданында террорлық топпен атыс кезінде 6 адам оққа ұшты.

2012 жыл тамыз. Осы лаңкестердің сыбайластары Іле Алатауы ұлттық саябағында 12 адамды өлтірген.

2012 жыл тамыз. Алматы іргесіндегі «Таң» саяжайында арнайы операция кезінде үй өртеніп, оқиға орнынан 13 адамның мәйіті табылды.

2012 жыл қыркүйек. Атырау облысындағы екі бірдей лаңкестік шабуылда 2 полиция қызметкері жараланып, 9 содырдың көзі жойылды. 

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.