{metadescription}
Ақтөбедегі сойқанға қатысты Бас мүфти мәлімдеме жасады
Ақтөбедегі сойқанға қатысты Бас мүфти мәлімдеме жасады

Ақтөбедегі сойқанға қатысты Бас мүфти мәлімдеме жасады

Ақтөбедегі лаңкестік шабуылды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да айыптады. Арнайы мәлімдеме жасаған Бас мүфти Ерлан қажы Малғажыұлы ислам дінінің мұндай әрекетке еш рұқсат етпейтінін және оны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының түбегейлі айыптайтынын жеткізді. Сонымен бірге, ел азаматтарын мұндай арандатушыларға ермеуге шақырды. 

Ерлан қажы Малғажыұлы, Бас мүфти:

-Еліміздің мұсылмандары қасиетті Рамазан айының қарсаңында Ақтөбеде орын алған лаңкестік әрекеттерді терең өкінішпен естіді. Ел мұсылмандарының басын қосып отырған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы орын алған лаңкестік оқиғаны үзілді-кесілді айыптайды. Еліміздің барша азаматтарын арандатушылық әрекеттерге берілмеуге, қоғам тыныштығын қадірлеуге және жауыздықпен жұмыла күресуге шақырамын, ағайын! 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде