{metadescription}
Ақтөбеде тірідей ұсталған лаңкестер өлім жазасына кесілуі мүмкін
Ақтөбеде тірідей ұсталған лаңкестер өлім жазасына кесілуі мүмкін

Ақтөбеде тірідей ұсталған лаңкестер өлім жазасына кесілуі мүмкін

Ал осы тірідей ұсталған террористер атып өлтірілуі мүмкін. Сенатор Серік Ақылбай елімізде өлім жазасына 13 жыл бұрын жарияланған мораторийды алып тастауды ұсынып отыр.

Егер жоғарғы заң шығарушы органның бастамасы қолдау тапса, Ақтөбеде сойқан салған содырлар өлім жазасына кесіледі. Оның үстіне жақында президент те, қолына қару алып кісі өлтірген адамды аямау керек дегені есте. Сенатор өлім жазасын қолданудан бөлек, араб елдерінде оқып келген студенттердің мешіттерде жұмыс істеуіне заңмен тыйым салуды ұсынып отыр. Себебі, шетелден санасы уланып қайтқан жастар жұртты да дінінен адастыруда. Сондықтан салафизм ағымына тосқауыл қоюды талап еткен халық қалаулысы оларды «қой терісін жамылған қасқырлар» деп атады.

Серік Ақылбай, Сенат депутаты:

-Сақалы ұзын еместері ішінде жүр. Сақалы жоқтар да жүр. Шалбары ұзындар жүр. Ол сыртқы белгі емес, ішкі дүниесіне де байланысты. Шалбары қысқа адамның барлығын ваххабист экстремист деп ұстап алып отырғыза берсек не болады? Ол сыртқы бейне. Жалпы идеялардың ұлылығы таза дінде.  Оны белгілі топтар қарулы күшке айналдырып, өздерінің ниетін басқа мағынаға бұрып жатыр.  Бұны айыра білу керек. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде