{metadescription}
Террористер ойран салған Ақтөбе қалыпты өміріне  орала бастады
Террористер ойран салған Ақтөбе қалыпты өміріне  орала бастады

Террористер ойран салған Ақтөбе қалыпты өміріне орала бастады

Ақтөбеде содырлар әкімдік пен түрмені басып алуды ойластырған. Жоспарларын жүзеге асыру үшін қаруын сайлап алмақ болыпты. Сондықтан ең алдымен қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімге шабуыл жасаған. Осы лаңкестік оқиға кезінде 18 содырдың көзі жойылып, 9-ы ұсталды. Ал соңғы 3 күдікті қаладағы жатақханалардың бірінің жанынан қолға түскен. Ақтөбедегі лаңкестікке қарсы арнайы операция осылай аяқталды. Қазір өңірдегі терроризмнің «қызыл деңгейі» «сары түске» төмендетілген.

-Ақтөбе жұрты тура бір апта бойы үреймен отырды. Қазір ресми түрде террористер тарапынан қауіп сейілді деп жарияланғанымен, тұрғындар сенбейді. Тіпті балаларын далаға жіберуге қорқып қалған. 

Ал осы күнге дейін қанды қақтығысқа қатысы бар күдіктілердің қарсыласқан  18-і өліп, 9-ы тірідей ұсталды. Соңғы үшеуінің қала ішінде қашып жүргенін тағы сол тұрғындар көріп, тәртіп сақшыларына хабарлапты. Арнайы жасақ жедел жеткенде бас сауғалаған содырлар Жаманқұлов көшесіндегі жатақханалардың біріне келіп тығылған. Бақыт Қуанышбаев өз еркімен берілсе, Әлібек Ақпанбетовты қашып бара жатқан жерінде аяғынан атып тоқтатқан.

Ұлжан Ержігітова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Терезеден қарап тұрдым. Мына жерде біреуді ұстады. Екі рет атылды оқ. Өлтіргенін көрген жоқпыз. Ұстады, әйтеуір. Содан кейін алып кетті. Есігімізді қақты, үйді тексерді.

Сытылып кеткен содылардың бірі Арсен Таңатаровты тәртіп сақшыларының қалай қолға түсіргені әзірге беймәлім. Бірақ ол жасырынған үйдің тұрғындарын түн жарымында сыртқа шығарып, операция кезінде есігі жабық баспаналардың ішіне арнайы жасақ қиратып кірген.

Қарапайым тұрғындарға келген шығынның орнын толтырып беруді жергілікті билік өз мойнына алды. Ал бір апта бойы халықты дүрліктірген қаскөйлердің не көздегенін Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер бүгін тәтпіштеп айтып берді. Содырлар қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімде сойқан салғанан кейін әкімдік пен түрмені басып алмақ болған.

Нұрғали Білісбеков, ҰҚК төрағасының орынбасары:

-Лаңкестер қару-жарақ дүкендерін тонағанан кейін мемлекеттік органдар мен түзету мекемелері ғимаратына шабуыл жасауды көздеген. Лаңкестермен ұрланған 23 қару-жарақ толығымен тәркіленді.

Әзірге лаңкестердің нақты қайсысының өліп, қайсысының тірі қалғанын ешкім ресми жариялаған жоқ. Бірақ көзі жойылғандарының сүйегі құпия жерленеді. Ал осы оқиғаны ұйымдастыруға жетекшілік еткендердің бірі Дмитрий Таңатаровты дәл қазір жоқтайтын ешкім жоқ сияқты. Бауыры Татарстанға көшіп кетсе, Ақтөбедегі қайын жұрт қарабет қылды деп оны керісінше қарғап отыр.

Ал лаңкестік оқиға кезінде жарақат алған 8 адам ауруханада ем алып жатыр. Хәл үстінде жатқан сарбаз Сырым Сүндетов авиация көмегімен Астанадағы ұлттық нейрохирургия орталығына жеткізілген.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.