{metadescription}
Атырау базарларында улы қарбыздар сатылуда
Атырау базарларында улы қарбыздар сатылуда

Атырау базарларында улы қарбыздар сатылуда

Бірнеше күннен бері қаладағы сауда нүктелеріне тексерген санитар-дәрігерлер жаға ұстатарлық деректерді анықтады.

Денсаулыққа қауіп төндіретін қарбыздар қаладағы кез-келген базарда саудаланып жатыр. Оңтүстік облыстардан әкелінген олардың келісі 200 теңге. Мөлшер бойынша қарбыздағы нитраттың нормасы 60 миллиграмнан аспауы керек. Алайда арнайы құрылғы нитрат көлемі 200 миллиграмнан асып кеткенін көрсетті. Сондықтан базар әкімшілігіне қарбыздарды саудадан алып, көзін жою туралы тапсырма берілді.

Темірбек Мұсағалиев, Атырау қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының басшысы:

-Қарбыз құрамындағы нитрат шектен тыс көп. Сол алаңдатып отыр. Тексерілген 10 қарбыздың 9-ында нитрат  рұқсат етілген нормадан 4-5 есе көп.  Ең жоғарысы 223миллиграммм. Бұдан түрғындар жаппай улануы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.