{metadescription}
Алматыда аяқ-асты қаптаған кене жұртты шошытты
Алматыда аяқ-асты қаптаған кене жұртты шошытты

Алматыда аяқ-асты қаптаған кене жұртты шошытты

Алматыда кене қаптап кетті. Жаз шығысымен қансорғыш жәндіктер шаққан 2300-ден астам адам дәрігерлік көмекке жүгінген. Олардың сегізінде кене энцефалиті анықталыпты. Сондықтан қала саябақтарында залалсыздандыру жұмыстары мықтап қолға алынған.

Көктемде алматылықтар жиі демалатын таулы аймақтарды кенеден тазартқан мамандар енді қала ішіне ауысқан. Себебі қазіргі ауа райы осы жұмысты жүргізу үшін ыңғайлы болып тұр. Дәрігерлер биыл бұл жәндіктердің ерекше белсенді екенін айтады. Сондықтан болар, тек бір ғана емдеу мекемесіне қаралуға күніне кемінде 5 адам келеді. Ал демалыс күндері олардың саны оннан асады. Мамандар мүмкіндігінше бірден дәрігерге көріну керек дейді. Себебі, қансорғыш жәндіктің басы денеде қалып қойса адам өмір бойы мүгедек болып қалуы мүмкін. Ал арнайы екпе тек алғашқы күндерде оңды нәтиже береді екен.

Әбдібек Әдіханов, травмотолог-дәрігер:  

– Кене энцефалитіне қарсы біздегі дәрі 3 күннің ішінде салынады. 3 күннен өтіп кеткеннен кейін, 4,5,6 күндері ол дәрінің көмегі азайып кетеді. Сондықтан бірінші үш күнде ем қабылдағаны дұрыс болады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

24 қыркүйек

23 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде