{metadescription}
Допинг қолданған бірнеше палуан «Қазақстан барысынан» шеттетілді
Допинг қолданған бірнеше палуан «Қазақстан барысынан» шеттетілді

Допинг қолданған бірнеше палуан «Қазақстан барысынан» шеттетілді

Допинг «Қазақстан барысы» турнирінде де біраз дауға себеп болды. Тыйым салынған дәрі қолданғаны үшін биыл 4  палуан боз кілемге шықпайды. Арасында тіпті турнирдің 2013-ші жылғы жеңімпазы Айбек Нұғымаров та бар. Сондай-ақ Самир Мәмедов, Мереке Тұрашев пен Александр Косачевтің қанынан мельдоний препараты табылған.

Арман Шораев, Қазақ күресі федерациясының президенті:/ауд/

- 2014 жылы да 4 спортшымызды дәл осылай допинг үшін «Қазақстан барысынан» шеттеткен болатынбыз. Қандай қиын болса да, әділеттілік керек. Біз де сол допингпен күресіп келе жатырмыз. Сондықтан осындай ауыр шешім қабылдауға тура келді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, палуандар допинге мамырда қан тапсырған. Ал, мельдоний адамның бойында бірнеше ай сақталады екен. Жалпы, «Қазақ барысының» ақтық сыны келесі айда Астанада өтеді. Бұл жолы 30-ға жуық палуан белдеспек. Жеңімпазға 25 миллион теңге ақшалай сый, автокөлік пен Елордадан пәтер беріледі. Ал, допингпен ұсталған Нұғымаровтан атағы мен сыйлықтары қайтарыла ма, ол жағы әзірге белгісіз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде