{metadescription}
Астанада Ерасыл Әубәкіровтің жантүршігерлік  өліміне қатысты тергеу аяқталды
Астанада Ерасыл Әубәкіровтің жантүршігерлік  өліміне қатысты тергеу аяқталды

Астанада Ерасыл Әубәкіровтің жантүршігерлік өліміне қатысты тергеу аяқталды

Астаналық студент Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты да қылмыстық істі тергеу аяқталды. Том-том материалмен жәбірленуші мен күдіктілердің адвокаттары танысып жатыр.

Яғни, жақында атышулы іске қатысты сот басталады деген сөз. Дегенмен, жуырда полицейлер Ерасылдың өлтіруге тапсырыс берді деген айыппен ұсталған Аян Мейірбаевты босатып жіберген болатын. Тергеушілер Өскемендік қалталы кәсіпкердің ұлын кінәсіз деп отыр. Марқұмды өлерінің алдында ұрып-соғып жатқан таспа да еш айғақ бола алмаса керек. Сөйтіп, бай баласының әрекетінен еш қылмыстық құрам  таппай, тергеуді де тоқтатыпты. Қалған үш күдікті Андрей Тихенко, Виталий Шерстенев пен Нұрбек Әжімбай әлі абақтыда отыр. Ақпан айында   Медицина университетінің 6-курс студенті  болашақ дәрігер, 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровтің өлі денесі  қала шетінен  табылған. Кейін марқұмды Аян Мейірбаев бастаған жігіттердің ұрып жатқаны түсіп қалған таспа тараған еді. Қоғамда үлкен шу тудырған іске қатысты енді тек үш адам жауап беретін болады.

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.