{metadescription}
Алматы облысында тойға келген қонақтарды құмар ойынмен қызықтырған кәсіпкер ұсталды
Алматы облысында тойға келген қонақтарды құмар ойынмен қызықтырған кәсіпкер ұсталды

Алматы облысында тойға келген қонақтарды құмар ойынмен қызықтырған кәсіпкер ұсталды

Алматы облысында тағы бір жасырын ойынхана әшкере болды. Оңай олжаны көздеген кәсіпкер өз бизнесін Жаркент қаласында жандандырған.

Заңсыз ойынхананы тінту барысында 11 ойын автоматы тәркіленді. Сондай-ақ Алматы облыстық экономикалық қылмысқа қарсы күрес департаментінің мамандары Талдықорған қаласының да тұрғынын қолға түсірді. Ол өзінің кафесінде астыртын казино ашып, дәмхана келушілерін құмар ойынның қызығына батырған. Қазір аталған деректер бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Ал соңғы жарты жылда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған жүз шақты адамның үстінен іс қозғалған. 

Кеше

22 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.