{metadescription}
Иракта жауыздығымен танымал террорист оққа ұшты
Иракта жауыздығымен танымал террорист оққа ұшты

Иракта жауыздығымен танымал террорист оққа ұшты

Әл-Шишанидің өлгенін әріптестері ақыры растады. «Ислам мемлекеті» ұйымының Соғыс министрі атанып жүрген лаңкес Ирактың Ширкат қаласының маңында жер жастанған. 

Негізі, бұл осындай ақпараттың алғаш рет таратылуы емес. Соңғы рет Пентагон өкілдері әл-Шишанидің көзін Сирияда жойдық деп наурыз айында айтқан болатын. Лаңкестің шын есімі – Тархан Батирашвили. Грузияның тумасы. Грузия әскерінің қатарында 2008 жылы Оңтүстік Осетиядағы қақтығысқа қатысып, екі жылдан соң заңсыз қару-қарақ сақтағаны үшін қамауға алынған екен. Террористермен байланысы да сол түрмеде басталыпты. Сөйтіп аз уақыттың ішінде «Ислам мемлекеті» ұйымының басшысы Әбу Бәкір әл-Бағдадидің кеңесшісіне айналып шыға келген.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.