{metadescription}
Петропавлда ата-аналар  мақтаулы лицейдің Жетімдер үйіне көшірілуіне қарсы шықты
Петропавлда ата-аналар  мақтаулы лицейдің Жетімдер үйіне көшірілуіне қарсы шықты

Петропавлда ата-аналар мақтаулы лицейдің Жетімдер үйіне көшірілуіне қарсы шықты

Петропавлда дарынды балаларға арналған лицейдің оқушылары білімдерін жетімдер үйінде жалғастыруы мүмкін. Әке-шеше қамқорынсыз қалған балаларды қала мектептеріне ауыстырған шенділер бос тұрған ғимаратты осылай кәдеге жаратпақ. Олардың бұл шешіміне ата- аналар наразы.

Мына жиналып тұрған халық «Лорд» лицейінде оқитын айналасы 230 оқушының ата-анасы. Бәрі мектептің өзге ғимаратқа көшірілуіне қарсы.  Шахардың шетінде, оған қоса түрме маңында тұрған жетімдер үйінде балаларымызға жағдай болмайды дейді. Бастысы ата-ана қамқорынсыз қалғандар үшін бұл нағыз психологиялық соққы екен. 

Валентина Маломыжова, Петропавл қаласының тұрғыны:

-Біз күнде таңертең балаларымызды көлікпен әкеліп, бетінен сүйіп шығарып салып жатсақ, жетімдер соны көріп күйзеліске түспей ме? Бұдан кейін олардың біздің балаларымызға жұдырық алып жүгірмесіне кім кепіл. Неге шенділер шешім шығарғанда соны ойламаған.

Лорд лицейі 1993 жылы бос тұрған балабақша ғимаратында  ашылыпты. Кейін бұл нысанды өз мақсатында пайдалану туралы мәселе көтерілгенде, балалар мына Дарын мектебіне келіп қыстырылған. Бірақ мұнда да жыл сайын оқушылар саны көбейіп, қазір сыныптар жетіспей жүр. Акт залы мен спорт залы деген мүлде жоқ. Соған қарамастан оқушылардың үйренген жерінен кеткісі келмейді.  

Игорь Киреев, 11 сынып оқушысы:

-Ол мектеп өте алыс. Кешіге беретін болсақ, үлгеріміміз төмендеп кетуі мүмкін. Ал төменгі сыныпта оқитын балалар үшін тіпті қиын.  

Қара құрым жиналып тұрған ата-аналардың жанайғайы шенділерге де жеткен сыңайлы. Бірақ өкпелерін қолдарына алып жеткен олар да ашудың үстінде тұрғандарға маңдытып ештеңе айта алмады.  

Владимир Ткаченко, СҚО білім басқармасы басшысының орынбасары:

-Лицейдің қай жерге көшірілетіні туралы мәселе бүгінгі таңда нақты шешілген жоқ. Жетімдер үйінің ғимараты - бір  ғана ұсыныс. Бұл мәселені алдағы күндері шешетін боламыз. Әрине, ата-аналар мен оқушылардың тілегін ескереміз.

Жан-жаққа шағымдарды қарша боратып жүрген ата -аналар атқамінерлерге сенбейміз деп отыр. Бұл мәселені шенділер жаз бойы созып, 1 қыркүйекте төбемізден жай түсіре ме деп қорқады олар.   

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде