{metadescription}
Қызылжар жұрты Азамат Нұрпейісовты ақтық сапарға шығарып салды
Қызылжар жұрты Азамат Нұрпейісовты ақтық сапарға шығарып салды

Қызылжар жұрты Азамат Нұрпейісовты ақтық сапарға шығарып салды

Бүгін Қызылжар жұрты кикбоксингтен әлемнің екі дүркін  күміс жүлдегері, Азия және ел чемпионы Азамат Нұрпейісовты ақтық сапарға шығарып салды. Небәрі 27 жасында дүниеден озған спортшы бір жыл бойы қатерлі ісікпен күрескен еді. 

 «Бүркіт» арнайы жасағында қызмет еткен чемпионның күрең берет кисем  деген арманы көз жүмған соң ғана орындалды. Бұл марапатты баласының табытына әкесі қойды. Бір жыл бойы қатерлі ісікпен күрескен оған бүкіл ел болып қаржы жинаған еді. Тіпті Кореяға барып емделгенімен, шипасы тимеді. 27- ге толуына екі апта ғана жетпей үзілген жас жігітті жұрт аққан жұлдызға теңеді. Жеті жыл бұрын түсірілген мына кадрларда Италиядағы әлем біріншілігінде Азамат Нұрпейісов қазақстандықтардан тұңғыш боп кикбоксингтен күміс жүлде иемденген. Араға төрт жыл салып ол бұл ерлігін Түркияда қайталады. Мезгілсіз кеткен батырдың артында әйелі мен ұлы қалды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.