{metadescription}
Ақтөбеде «Бала дауысы» байқауына іріктеу басталды
Ақтөбеде «Бала дауысы» байқауына іріктеу басталды

Ақтөбеде «Бала дауысы» байқауына іріктеу басталды

Елімізде алғаш рет жеткіншектер арасында  ұйымдастырылған ұлттық ән байқауына бұл өңірден бағын сынауға мыңдаған бала қатысты. Оза шапқан жалғыз өнерпаз республикалық байқауда Ақтөбенің намысын қорғайтын болады. Ұлттық байқауды Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қоры ұйымдастырып жатқанын айта кетейік.

Ақтөбедегі Ғазиза Жұбанова атындағы филармонияның ішінде ине шаншар орын жоқ. Баласын жетектеген ата-аналар мұнда таң атпай келген. Барлығының тілегі бір. Ұлттық байқаудың іріктеуінен өту.

Мейрамбек Ердәулет, байқауға қатысушы:

-Үйде дайындалдым. Жақсы айтамын деп үміттенемін. Енді қатысып көр, сахнаға төселесің деп айтты. Осы жарысқа келуде толқу бар.

Алғашқыда Ақтөбенің атынан байқауға қатысатын баланы Айгүл Иманбаева баптайды деп хабарланған еді. Бірақ танымал әнші отбасылық жағдайына байланысты бұл өңірге келе алмаған. Сондықтан оның орнына Бейбіт Қошқалиев қазылық етті. Ол үшін кішкентай өнерпаздарға іріктеу кезінде жоқ деп айту қиынға соққан.

Бейбіт Қошқалиев, әнші:

-Өзіміз де бала болдық. Өзіміз де осындай сайыстарға келгенде енді біздің кезімізде мынандай жоқ болды үлкен деңгейде жасалатын. Дегенмен, әрине, тіпті балмұздақты алып бермей қойсаң жылап қаламыз ғо. Оның қасында мынау үлкен нәрсе. Сол себептен қиын болады.

Іріктеу сынына келген кез келген бала құр қол қайтпады. Оларға ұлттық байқауды ұйымдастырушы «Жандану әлемі» қоры атынан сыйлықтар үлестірілді. Айтулы шараның күнделігін «КТК» телеарнасы тамыздың 15-нен бастап көрсете бастайды. Ұйымдастырушылар тек осы байқаумен шектеліп қалмайтындарын айтады. Әлия Назарбаеваның бастамасымен өнерлі балаларға арналған музыка мектебі ашылатын болады. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде