{metadescription}
Алматыда СЭС тендерді ойлап жүргенде, қалада егеуқұйрық қаптап кетті
Алматыда СЭС тендерді ойлап жүргенде, қалада егеуқұйрық қаптап кетті

Алматыда СЭС тендерді ойлап жүргенде, қалада егеуқұйрық қаптап кетті

 Тышқанның да жайы тендерге тіреліпті. Алматыда СЭС мамандары өздеріне ұнайтын компанияны таңдап жүргенде, қалада егеуқұйрық қаптап кетті. Удың уақытылы себілмеуі салдарынан зиянкестер саябақтарда ін қазып, тіпті семіріп алған. Ол аздай, қоқыстардан қоректенуді қойып, жеке үйлерге ауыз сала бастапты. Үлкендігі мысықпен бірдей егеуқұйрықтарды біздің тілшілер көріп, шошып қайтты.              

Елде жоқ егеуқұйрықтар Алматының саябақтарында жүр. Жүні жып-жылтыр, ал өздері болса соғымға сояр малдай семіріп алған. Әрлі-берлі өткен кісіден үркімейді де. Үйірімен күнелтетін олар саябақтарда ін қазып алған. Әдетте жемін түнде іздейтін егеуқұйрықтар көбейіп кеткеннен болар, күндіз де қоқыс аралауға шығатын болыпты. Тіпті жеке үйлерге де кіре бастаған. Уласа да бірден өлмей тұрғындарды әбден састырды.

Нұрлан Райымқұлов, эпидемиолог:

-Ол кеміргіштер бірден өлмейді. Екінші, үшінші, төртінші күннен бастап удың күші сіңеді кеміргіштерге.

Арықтардың ішінде аунап-қунап жүрген зиянкестер, тіпті көше бойында да төбе көрсетіп жүр. Өздері улағыштарға ұстатпай жүр. Оларды қуалап көк терге түскен эпидемиологтар қауіпті ескерту үшін есіктерді қаға бастады.  Егеуқұйрықтардың көбейгенін СЭС мамандары да біліп отыр екен. Оларды жою үшін 36 миллион теңге бөлініп қойған дейді олар. Тек улайтын компанияны таңдай алмай ұзақ жүріп қалыпты.

Саят Қауметбаев, Алматы қалалық санэпидемстанцияның бөлім меңгерушісі:

-Мына жұмыстарды дереу бастап кетуге кедергі боп жатқаны конкурстық процедуралар. Сол кішкене кешеуілдетіп жіберді. Ал негізі осындай уақытта аяқталуы керек егеуқұйрықтарға қарсы дәрілеу жүргізуі жұмыстары. Енді тұрғындар айтып жатқаны орынды.

Осылай СЭС мамандары жаз біткенше егеуқұйрықтар да жоғалады деп сендіріп отыр. Тек ала жаздай көбейіп үлгерген кеміргіштерді енді олар түгел таба қойса жақсы.    

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.