{metadescription}
Қарағандыда тас жол опырылып ортасына түсті
Қарағандыда тас жол опырылып ортасына түсті

Қарағандыда тас жол опырылып ортасына түсті

Қарағандыда орталық көшелердің біріндегі тас жол опырылып ортасына түсті. Абырой болғанда, аялдама алдындағы тереңдігі 5 метр шұңқырға ешкім құламаған.

Оқиға кешке қарай, ел аяғы тынышталғанда болыпты. Көргендер ойылған жерге құлаған тас жол жабындысының жаңғырығы жарылысқа ұқсағанын айтады. Сөйтсе бұл, жол астындағы кәріз құбырының тозығы жетуінен болған жағдай екен. Кеңес кезеңінен кәдеге жарап келе жатқан диаметрі 1 метрлік құбырдан аққан су тас жол астындағы топырақты шайып жіберген. Үстіндегі салмаққа шыдас бермеген жолдың үстіңгі қабаты ақыры опырылып тынды. Ал тозығы жеткен құбырға иелік ететін компания оны жаңартуға әзірге жағдайымыз жоқ деп отыр.

Диана Дагарова, «Қарағанды Су» ЖШС баспасөз қызметінің маманы:

-Темір бетон құбырларының шайылуына байланысты және мерзімінің өтуіне байланысты осындай құлаулар болды. Қазіргі уақытта оқиға орнында Қарағанды су бригадасы жұмыс жасап жатыр. Содан кейін абаттандыру және асфальттау жұмыстары жүргізіледі

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.