{metadescription}
Елімізде доллардың қымбаттауына айырбастау орындары кінәлі болып шықты
Елімізде доллардың қымбаттауына айырбастау орындары кінәлі болып шықты

Елімізде доллардың қымбаттауына айырбастау орындары кінәлі болып шықты

Көк ақшаның құнын әдейі өсіріп жіберген. Теңгенің кеше күні бойы төмен қарай құлдилауына көппен бірге куә болған қаржыгерлер бұған айырбастау орындарын кінәлады. Биржадағы баға 350 теңгені көрсеткенімен, алыпсатарлар долларды 364 теңгеге дейін көтеріп жіберген болатын. Күллі жұрттың назарын қайта өзіне бұрған бағамға байланысты бүгін Ұлттық банктегілер де мәлімдеме жасады.

Ақша айырбастау орындарының араны нағыз енді ашылған секілді. Биржадағы баға кеше 350 теңгеге дейін көтерілген кезде, көшедегі қолма-қол сауда бірден 360-қа бір-ақ жетті. Бұл біраздан бері саудасы саябырсып, қолы жүрмей қалған алыпсатарлардың қолдан жасаған айласы дейді сарапшылар.  

Меруерт Махмұтова, сарапшы:

-Доллар саудасында кеше орта деңгейі 352 теңге 1 доллар үшін болды. Айырбастау пункттары оны 359-360-қа дейін көтеріп жіберді. Айырбастау орындары  менің ойымша пайданы ойлаған.

Ұрымтал сәтті ұтымды пайдалаған сатушылар түнге қарата долларды тіпті 364 теңгеге сатыпты. Ал биржадаға қазіргі бағам - 352. Осындай төмен бағамен валюта алғандар үстіне небәрі 2 теңге қосып сатып жатыр. Ал елдің бас банкі ежелгі әдетіне салып, бұл жолы да бағамның өсуін мұнаймен байланыстырды.    

Әділ Мұхамеджанов, ҚР ҰБ Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары:

-«Ағымдағы жылдың шілдесінде мұнай бағасының төмендеуі, мұнай өнімдері нарығындағы ұсыныс көлемінің өсуі, АҚШ-тағы мұнайдың жеткілікті қоры туралы деректердің жариялануы, сондай-ақ АҚШ-тағы бұрғылау ұңғымалары санының ұлғаюы - 2016 жылғы 26 шілдеде теңгенің 350.2 деңгейге дейін әлсіреуіне себеп болды.»

Ұлттық Банктің тілшілерге таратқан тілдей парағында қайта-қайта құнсызданып, сенімнен жұрдай болған валютаға қатысты жұбатарлық жайт жоқ. Өйткені, экономиканың жалғыз арқасүйері - өнделмеген мұнай өндірісі де біршама төмендеген. 

Бір жылдың ішінде Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы әлемдік нарықта 22,2%-ға төмендеп,маусым айында 48,5$ құрады. Тау-кен өндіру саласында өндірістің көлемдері 2016 ж. қаңтар-маусымында 2015ж. қаңтар-маусымымен салыстырғанда нақты көрсеткіште 3,4%-ға төмендеген. Бұл теңгенің айырбастау бағамының әлсіреуіне себеп болды.

Экспорттың біраз бөлігі Еуроодақ елдеріне жеткізілетіндіктен, экономикамыз ондағы ахуалға да тікелей тәуелді екен. Бірақ ондағы жағдай да әзірше мәз емес дейді Ұлттық банктегілер. Дегенмен, сарапшылар алдағы уақытта теңгенің айтарлықтай әлсіремейтініне сенімді. Өйткені, ішкі нарықтағы қатысушылар қалай дегенменде өзара теңгемен есеп айырысады. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде