{metadescription}
ҰҚК  жемқорлық дауына байланысты Қорғаныс министрлігінде ауқымды тексеріс жүргізіп жатыр
ҰҚК  жемқорлық дауына байланысты Қорғаныс министрлігінде ауқымды тексеріс жүргізіп жатыр

ҰҚК жемқорлық дауына байланысты Қорғаныс министрлігінде ауқымды тексеріс жүргізіп жатыр

Қорғаныс министрлігінде ірі жемқорлық дауы. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қорғанысқа бөлінген бюджет қаржысын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Арнайы қызмет  министрліктің  материалдық-техникалық қамтамасыз ету бас басқармасы бастығының орынбасары  Жұмқазиевтің қолына кісен салған.

 

Құзырлы органдағы мәлімет бойынша, подполковник мемлекетттік тендерді майшелпекке айналдырған. Ол  конкурстық комиссияның төрағасы болып, кәсіпкерлермен ауыз жаласыпты. Яғни қорғаныс министрлігіне керекті қару-жарақ сияқты техниканы сатып алуға бөлінген қазына қаржысын сыбайластарымен бірігіп жеген. Бұл ойын жүзеге асыру үшін Қорғаныс пен Қаржы министрлігіндегі шенділерді қылмыстық ісіне қосқан. Тіпті 8-ші  тамызда подполковник Жұмқазиев 20 миллион теңге пара алып жатқан сәтінде құрықталған. Онымен бірге Қорғаныс министрлігінің 5 лауазымды қызметкері мен 4 бизнесменнің қолына кісен салыныпты.

Кеше

14 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.