{metadescription}
Илья Ильин ақыры Риоға ұшып кетті!
Илья Ильин ақыры Риоға ұшып кетті!

Илья Ильин ақыры Риоға ұшып кетті!

Бірақ жарысқа қатысу үшін емес, қазақстандық спортшыларды қолдауға бара жатыр екен. Әйгілі зілтемірші допинг дауы туралы мүлдем есіне алғысы келмейді. Қайта Олимпиададан шеттетілгелі бері Лондонға барып ағылшын тілін үйреніпті.

Илья Ильин, екі дүркін Олимпиада чемпионы:

- Бір командада  дайындалған, жаттыққан  достарымды қолдауға бара жатырмын. Олар үшін бұл үлкен психологиялық көмек болары сөзссіз. Иә, әрине, зілтемірші ретінде  қатыса алмайтыным өкінішті. Бірақ менде бәрі дұрыс.

Ал Олимпиадада Қазақстан құрамасының жетістігі әлемді таңдай қақтырып отыр.  Бұл табысқа марқайған Спорт министрлігі де споршыларға артық міндет жүктемейміз дейді. Олардың ойынша, біздің сайыпқырандарымыз Рио төрінде абыройлы өнер көрсетуде. Қазір Қазақстанның қоржынында 7 медаль бар. Оның 2-уі алтын, 3-уі қола. Әлемдік доданың аяқталуына әлі 10 күн барын ескерсек, жерлестеріміз әлі жүлделі орындарға іліге алады. Оның үстіне әлі боз кілемге грек-рим күресінің балуандары мен жеңіл атлетиканың шеберлері шыққан жоқ. Әрі жүгіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпаковадан да үміт бар. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.