{metadescription}
Алматыда атақты Баландин жаттыққан ескі  бассейн жөнделетін болды
Алматыда атақты Баландин жаттыққан ескі  бассейн жөнделетін болды

Алматыда атақты Баландин жаттыққан ескі бассейн жөнделетін болды

Қоржынымызда қос алтын! Елдің үкілеген үмітін ақтаймыз деп Олимпиадаға білек сыбана аттанған спортшыларымыз бүгін таң атпастан бірінен соң бірі қуантты. Ауыр атлетикадан алғашқы алтынды Нижат Рахимов жеңіп алса, ал жүзуден Дмитрий Баландин америкалық пен ресейліктен озып,  әлемдік рекордты жаңартты. Қыздар жағы да қарап қалған жоқ! Ауыр атлет аруымыз Жазира Жаппарқұл намысты қолдан жібермей, Рио Олимипиадасының күміс жүлдегері атанды.         

Жігіттен де шымыр Жазира жүз келіден асатын зілдей темірлерді бірнеше мәрте көтеріп шықты. Бірақ бәрінде бірдей бабында ұстап тұру ауыр болды. Дегенмен, намысқа тырысқан қазақ қызы елді ұятқа қалдырған жоқ. 259 келіні бәрібірде бағындырды.

Жазира Жаппарқұл, Рио-де-Жанейро олимпиадасының күміс жүлдегері:

-Бұл күміс медалді қазақ еліме арнаймын! Осы төрт жыл бойы еңбектеніп келгем, енді алтын болу керек еді, енді бізді қазақтың күміс қызы дейді , күміс қызы боп қалдық! Құдай қаласа, келесі жылы бағымыз жанып, алтын медаль алуға тырысамын!

Бірақ ауыр атлетикадан алтынсыз қалғанымыз жоқ. Нижат Рахимов Қазақстанға алғашқы алтынды әперді. 214 келі темірді атлетші бұйым құрлы көрген жоқ.  Жанкүйерлер Нижат Рахимов сыйлаған қуаныштан әлі есін жиып болмай тұрып, бассейндегі бәйгеде тағы бір жүйрігіміз алға суырылып шықты.    

- Жарайсың, Нижат!

Дима 200 метрді небәрі 2 минут 7 секундта кеудемен жүзіп өтіп, әлемдік рекорды жаңартты.

Дмитрий Баландин, Рио-де-Жанейро олимпиадасының жеңімпазы:

-Қолымнан келгеніне қуаныштымын. Стадион аяғынан тік тұрып қошемет көрсетті. Маған қолдау көрсеткен баршаға үлкен рахмет!  

Ал Диманың бала кезде судан өлердей қорыққанын бапкерлерінен басқа ешкім білмейді. Бірақ бауырының арқасында болашақ чемпион бұл фобиядан арылған. Сондықтан болар, бәрінен бұрын оның жеңісіне ағасы қуанды.     

Алексей Баладин, Дмитрий Баландиннің ағасы:

-Жеңгенін таңғы жетіде естідік. Басында түсінбей қалдық. Сосын қуанғаннан көзімізден жас шықты. Інім жарады!

Ал әкесі теледидардан көз алмай әлі отыр. Олимпиаданың қайталауын қараған ол баласының бас жүлдесіне әлі сене алар емес. 

Игорь Баладин, Дмиртий Баландиннің әкесі:

- Ұлым, жарады! Шынымды айтсам не дерімді білмеймін.бастысы арманы орындалды.

-Әлемдегі небір кіл мықтыны артта қалдырып, Қазақстанға алтын алған Дима бала кезден бастап міне осы бассейнде дайындалған. Тіпті есейгенде де арасында келіп жаттығып жүріпті. Өздеріңіз қарап отырғаныңыздай, чемпион шыққан хауыз ешқандайда алтын жалатылмаған. Тіпті қарапайым. Ескіргені сонша, темірлерінің сыры әлдеқашан кетіп қалған.

 

Ал чемпионды бала кезден дайындаған осы бапкер. Баландин әлі мектепке бармай тұрып-ақ бәйгелерден бірінші орын алып жүріпті. Есейе келе, халықаралық жарыстарға аттанған. Риодағы жетістік оның алтыншы алтыны екен.

 

Андрей Хохлов, бапкер:

-Дима осы бассейнде жаттығып өсті. Осында келіп жүзуден алғашқы қадамдарын жасады. Техниканы меңгерді. Рас, төртінші сыныпта ол судан қатты қорқатын. Бірақ, ол қорқынышты жеңе алды. Кейіннен судан мүлде сескенбейтін болып, жарыстарға шыға бастады.

 

Баландинді баптағандар енді еңбегі сіңген бапкер атағынан үміттеніп отыр. Олай айтатындай-ақ бар. Өйкені Баландин еліміздің тарихында тұңғыш рет жүзуден олимпиада чемпионы атанды. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.