{metadescription}
Семейлік тұрғындар қаңғыбас  кейуананы адам қатарына қоспақ
Семейлік тұрғындар қаңғыбас  кейуананы адам қатарына қоспақ

Семейлік тұрғындар қаңғыбас кейуананы адам қатарына қоспақ

Семейлік тұрғындар талай жыл қаңғыбастыққа салынған жалғыз басты кейуананы адам қатарына қоспақ  ниетте. Олардың айтуынша, көше кезіп жүрген ол кезінде  жергілікті әскери госпитальда білікті маман болған екен. Бүгінде, зейнет жасын алқымдаған. Алайда қолында бірде-бір құжаты болғандықтан оны да рәсімдей алмаған көрінеді. Енді тұрғындар оған жеке бас куәлігін жасатып, ортаға бейімдемек.

Тағдырдың тәлкегіне ұшырап, қаңғыбас боп кеткен 67 жастағы әйелдің есімі – Роза. Бір қызығы, ол дала кезіп жүргенімен тазалық дегенді тасада қалтырмапты. Тіпті аш құрсақ қалса да жұртқа алақан жайып, қоқыс жәшігін ақтармаған. Кейбір тұрғындардың берген тамағын да талғап ішеді екен.

Роза Серазетдинова:

-Менің көшеде жүргеніме 8 жыл болды. Осы жылдар арасында дұрыс тамақ ішкен емеспін. Асхананың өзі ақшаммен барсам да маған бермейді. Қараңыздаршы, үстімнің бәрі таза. Исін шығармай жуып отырамын.

Қолына қос-қостап ұстаған сөмкесі киім-кешекке толы. Оны екі күнің бірінде Ертіске жуып алады екен. Бірақ өзі томаға тұйық. Адамдармен ашылып сөйлеспейді. Жұрт оның бұл қылығын әлдебіреуден теперіш көргенімен байланыстырады. Сондықтан олар оны адам қалпына келтіруге болады деп отыр.

Ольга Жүнісова, Семей қаласының тұрғыны: 

-Оны бірнеше рет ұрған. Әлдебір нәрсемен улаған. Сондықтан адамнан қатты қорқады. Кәрі адам ғой. Өмірінің дұрысталып, ортаға бейімделуіне көмектескіміз келеді. 

Кезінде білікті маман болғанымен, егемен елдің таңбасы бар құжат бұйырмапты. Ал кеңестік дәуірден  қалған қызыл паспортын осы қаңғыбастықпен жүріп жоғалтып алған. Бір жағы соның да кесірінен, жасы жетпіске тақаса да, зейнеткерлікті рәсімдей алмай жүр. 

Қайрат Омаров, Семей қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығының директоры:

-Көмекке зәру емеспін дейді өзі. Оның зейнетақысы талай жылдан бері жинақталып, жеке шотында тұр. Құжаттарын әзірлесе, кез-келген мезетте алуына болады. Ал біздің орталыққа орналасуы үшін құқық қорғайтын органдардың көмегіне жүгінуі керек. 

Дала кезген қарт өзіне жәдемдеспек болғандарға сенбейді. Оларға сенгісі де келмейді. Сондықтан құжатын әзірлеп, бейімдеу орталығына жатудан түбегейлі бас тартып отыр. Алайда белсенділер жақындарының бар-жоғын нақтылап, кайткен күнде де көмек қыламақ. 

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.