{metadescription}
Павлодарда жантүршігерлік апаттан зейнеткер көз жұмды
Павлодарда жантүршігерлік апаттан зейнеткер көз жұмды

Павлодарда жантүршігерлік апаттан зейнеткер көз жұмды

Павлодарда камаз жүргізушісі көшеде келе жатқан зейнеткерді басып өтті. Салдарынан 64 жастағы әйел оқиға орнында жан тапсырған. 

Оқиға түскі уақытта шаһардағы Усолка ықшамауданында болған. Камаз жүргізушісі көшеде келе жатқан зейнеткерді қағып кетіп, кейін үстінен басып өткен. Жаға ұстатарлық бұл жайт осы маңдағы дүкендердің біріндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ал полицейлерге зейнеткерді аңғармай қалғанын жеткізген камаз жүргізушісі әзірге ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйіне жіберілген. 45 жастағы ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Валентина Погребцова, Павлодар қаласының тұрғыны:

– Полицейлерге жол-көлік оқиғасы болған кезде барып жолықтым. Олар шаруаңыз болмасын деп қоя берді. Ауламыздағы жағдай біздің шаруамыз болмағанда кімнің шаруасы? Мұнда қозғалыс көп, бала-шағамыз жүреді. Ал жол бойында еш белгі, жаяу жүргіншілер жолағы мен жол кедергісі де жоқ.

Кеше

22 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде