{metadescription}
Шымкент зообағында дала қыраны алғаш рет балапан басып шығарды
Шымкент зообағында дала қыраны алғаш рет балапан басып шығарды

Шымкент зообағында дала қыраны алғаш рет балапан басып шығарды

Шымкент зообағында қуанышты жаңалық. Мұнда дала қыраны алғаш рет балапан басып шығарды.

Қызыл кітапқа енген жыртқыштың жұмыртқа жарып шыққанына бір ай болыпты. Басында тіл-көзден қорыққан зообақ қызметкерлері тілшілерге айтуға енді тәуекел еттік дейді. Еркіндікте жүрмеген қырандардың жұмыртқалауы өте сирек құбылыс екен. Үлкен вольер ішінде кәдімгі бүркіт, қарақұс секілді тағы 20 жыртқыш бар. Сондықтан, үлкен құстарға жем болмас үшін бүркіт басып шығарған балапанын қорғаштап жүреді екен. Ал өздері зообаққа 7 жыл бұрын әкелінген екен.

Латипша Әлиев, Шымкент зообағы директорының орынбасары:

-Дала қыраны біздің зообақтың 36 жылдық тарихында бірінші мәрте балапан басып шығарды. Балапанын күніне 2 рет азықтандырамыз. Қырандардың жұбы оны қорғаштап қана қоймай, азыққа берілген еттің ең тәуір бөлігін алып, соған сүйрей жөнеледі.       

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.