{metadescription}
Ақтөбедегі террактіде қаза тапқан сарбаздың отбасына үй берілді
Ақтөбедегі террактіде қаза тапқан сарбаздың отбасына үй берілді

Ақтөбедегі террактіде қаза тапқан сарбаздың отбасына үй берілді

Ақтөбедегі әскери бөлімге жасалған лаңкестік шабуыл кезінде оққа ұшқан сарбаз Досбол Сапардың отбасына оңтүстік полицейлері баспананың кілтін табыстады. Ішкі істер өкілдерінің жинаған қаржысына алынған үйді табыстауға облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтың өзі барды.

Ұлттық Гвардия сарбазы Досбол Сапардың отбасына алынған үй Шардара ауылында орналасқан. Жалпы аумағы 138 шаршы метрді құрайтын зәулім үйді сатып алу үшін 10 миллион теңге жұмсалыпты. Ішкі істер департаменті мен жергілікті полиция қызметі бір күндік жалақысына жиналған тағы 2 миллион теңгесіне төрт түлік пен тұрмыстық техника сатып алынды. Айта кетейік, 5-ші шілде күні бір топ лаңкес Ақтөбедегі №6655 әскери бөліміне баса-көктеп кірген болатын. Қарулы топқа қарсылық кезінде 3 әскери қызметкер ауыр жарақат алып көз жұмған еді. Соның бірі небәрі 19 жасында шейіт болған осы Досбол Сапар.

Жұлдыз Құдабаева, марқұмның анасы:

-Көмектеріңізге рахмет... Біздер бұлай үй беріледі деп ойламап едік. Аяқ астынан тосын сый болды. Я қуанарымызды білмей, я жыларымызды білмей қалдық. Балам тірі болғанда, 5-6 үй салар еді деп ойлаймын.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.