{metadescription}
Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты
Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты

Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты

Владимир Путин Ресей мен Түркия арасында ушыққан жағдайға араағайындық жасаған Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.

Екі ел арасындағы саяси жанжалдың тоқтап, қарым-қатынастың жақсаруына Қазақстан президентінің қосқан үлесі зор деді ол. Бұл Назарбаев пен Путиннің Сочидегі кездесуі барысында айтылды.

Владимир Путин, Ресей президенті:

- Сізге Ресей-Түркия қарым-қатынасын жақсартуға атсалысқаныңыз үшін алғыс айтамын. Біз де ресми Анкарамен арадағы жағдай тек жақсы болғанын қалаймыз. Көріп отырғанымыздай, қарым-қатынасымыз дұрысталып келеді.

Ал Нұрсұлтан Назарбаев ресми Мәскеу мен Анкараның достық қарым-қатынасын одан әрі де қолдай беретінін жеткізді. Өйткені екі ел арасында ушыққан жағдай бір-біріне санкция салуға мәжбүрлеген еді. Саясаттың мұндай салқыны Орталық Азия елдеріне де әсер еткен болатын. Сондықтан Назарбаев өзі бастама көтеріп, саяси жанжалды тоқтатуға атсалысты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Ресей мен Түркия арасындағы жағдай жақсарғанына қуаныштымын. Бұл қарым-қатынастар Қазақстанға әсер етті. Өзіңіз білесіз, біздің де олармен байланысымыз бар. Бұдан былай достықтарыңызға сызат түспейді деп сенемін.

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде