{metadescription}
Павлодарда жарты жыл жалақы алмаған жұмысшылар шу шығары
Павлодарда жарты жыл жалақы алмаған жұмысшылар шу шығары

Павлодарда жарты жыл жалақы алмаған жұмысшылар шу шығары

Павлодар облысындағы вагон жасау компаниясының жұмысшылары жарты жылдан бері жалақысыз жүр. Олардың айтуынша, кәсіпорын бүгінде 400-ге жуық адамға жүз миллион теңгедей берешек. Ал осыдан 5 жыл бұрын ашылған зауытта қазір жұмыс тоқтаған. Мекеме жетекшілері болса мұны теміржол саласына қажетті өнімге тапсырыстың күрт азайғанымен байланыстыруда. Жаз соңына дейін маңдай тер ақыларын өтеуге кезекті рет сөз берген басшыларға еңбеккерлердің енді сенгісі жоқ.

Жалғызбасты ана Арайлым Медетова 5 жыл бұрын іске қосылған зауытқа алғашқылардың бірі боп орналасқан. Оның айтуынша, вагон жасаушы компания бастапқыда жалақыны үзбей төлеп келген. Кейін еңбекақыларын кешіктірген басшылық ақыры соңғы бес айда бір тиын да бермепті.

Арайлым Медетова, краншы

-Айтатындары өтірік, алдау, арбау. Біздің балаларымыз бақшаға, мектепке де дайын емес. Не коммуналдық төлем, не біздің кредиттеріміз төленбейді. Біздің балаларымыз бар, асырайтын шамамыз жоқ. Қосымша еден жусын дейді. егер сіздер мұнда жұмыс істегілерің келмесе.

Екібастұзда орналасқан кәсіпорын жүк тасушы контейнерлерді жасауға арналған құралдармен түгел жабдықталған. Бастапқы үш жылда 4 мыңға жуық вагон шығарған зауыт ішінде қазір бұрынғыдай абыр-сабыр жоқ, тыныштық орнаған.

5 жыл бұрын ашылған зауыттың жылына 2500 тауар вагонын шығаруға күші бар. Бірақ бір жарым жылдан бері компанияның жұмысы тоқтап тұр. Əуелде кәсіпорын өнімін «Қазақстан темір жолы» сатып алып келген. Алайда соңғы уақытта ұлттық компаниядан еш тапсырыс түспеді.

Жарты жыл жалақысыз жүрген 400-ге жуық жұмысшыға компанияның берешегі бүгінде 100 миллион теңгеден асып жығылады. Соның кесірінен шығындарын төлей алмай, о дүниелік болған азаматтар да жоқ емес.

Рамазан Омаров, слесарь

-Ер адам негізі табыс табуы керек, бірақ таба алмады. Сондықтан бізде екі адам көз жұмды. Кредит ол бір звондайды, үйдегі әйел адам ол бір айғайлайды. Сондықтан екі жігітіміз суицид дейміз ғой, өз-өздеріне қол жұмсап, бұл дүниемен қоштасып кетті.

Осылайша сандалған жұмысшылар қазір төрт күндік жұмыс кестесіне көшірілген. Мәселені көтеріп талай табалдырықты тоздырғанымен, еш нәтиже болмапты. Ал соңғы бір жарым жылда өнімге тапсырыстың азайғанын айтқан зауыт басшылары болса, «қарызымызды өтейміз» деп кезекті рет уәде берді.

Берікбай Әміржанов, вагон жасау компаниясы бас директорының орынбасары

– Жұмысшыларға еңбекақының жақында төленетіні анық. Бірақ, тағы біраз уақыт күтуге тура келеді. Қазір басшылық банкпен келісіп, мәселе шешілу үстінде. Бұйырса, тамыздың соңы мен қыркүйектің басында қызметкерлерімізге жалақы береледі деп күтілуде.

Шулаған жұртты сабырға шақырған атқамінерлер де жұмысшыларға жақында маңдай тер ақыларының төленетінін айтып сендірді. Қарызға белшесінен батқан компанияны қайта аяғына тұрғызу үшін бюджеттен  17 миллиард теңге бөлінген көрінеді. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде