{metadescription}
Ақтөбеде жолаушыға толы автобус аударылып қалды
Ақтөбеде жолаушыға толы автобус аударылып қалды

Ақтөбеде жолаушыға толы автобус аударылып қалды

Ақтөбеде жолаушылар тиеген автобус аударылды. Қала іргесіндегі ауылға қатынайтын қоғамдық көлікте кондуктор болмаған. Оның орнына жолақысын жүргізушінің өзі алып жатқан кезде рульден айырылып қалады.

Аударылған автобустың ішінде отызға тарта жолаушы болған. Олардың он екісі түрлі дене жарақатын алды. Араларында он бес жастағы қыз бен жүкті келіншек бар. Жасөспірімнен басқа жараланғандардың барлығын облыстық жедел жәрдем ауруханасына жатқызыпты. Ал оқушы қыз балалар аураханасында ем алуда. Дәрігерлер көбісінің миы шайқалып, сүйектерінің сынғанын айтады. Тәртіп сақшылары да бұл оқиғаны тексеріп жатыр. Әзірге тек 58 жастағы жүргізушінің мас болмағанын айтып отыр. 

Кеше

25 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде