{metadescription}
«ЭКСПО» көрмесіне келетін шетелдіктер тізеден малмандай су кешуі мүмкін
«ЭКСПО» көрмесіне келетін шетелдіктер тізеден малмандай су кешуі мүмкін

«ЭКСПО» көрмесіне келетін шетелдіктер тізеден малмандай су кешуі мүмкін

«ЭКСПО» көрмесіне келетін шетелдік қонақтар тізеден малмандай су кешуі мүмкін. Өйткені жаңбырдан кейін үнемі су астында қалатын Елордада арық жүйесі тек үш жылдан соң бір-ақ реттелетін болды. Ал көрменің келер жылы өтетінін ескерсек, бас қала ағын судан тазара қоймайтын секілді. Бірақ Астана әкімі қол қусырып отырмағанын айтты. Әсет Исекешов тіпті шетелден инженерлер шақыртып, қаланы жағымсыз иіс пен жаңбыр суынан тазарту үшін ауқымды жоспар құрыпты. 

Бұл шетелдік мамандар Астананың бас ауруына айналған негізгі мәселені шешуге көмектеспек. Өйткені жауын жауса болды көлге айналатын бас қаланы судан тазартып, тұрғындарды тұншықтырған жағымсыз иістен құтылу оңайға соғып тұрған жоқ. Сондықтан қала әкімі шетелдік мамандарды да шақыртуға мәжбүр.

Әсет Исекешов, Астана қаласының әкімі:

- Жаңбыр суы мен жағымсыз иістен тезірек құтылу үшін халықаралық институттардан мықты инженерлер мен сарапшыларды шақырдық. Солардан әлемнің үздік тәжірибелерін үйреніп, нөсер құбырларын салуды  жоспарлап отырмыз.

Әсет Исекешовтің жауын суымен қоса сасық иісті жоюға білек сыбана кірісуі бекер емес. Өйткені жауын жауса болды Елорданың ірі даңғылдарына дейін су астында қалады. Бұлай жалғасса «ЭКСПО» халықаралық көрмесіне келетін қонақтар да осы иіске тұншығып, тізеден малмандай су кешуі мүмкін. Осы үшін алдыңғы әкім Әділбек Жақсыбеков те талай сынға қалған еді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

(27 сәуір, 2016)

-Алты жыл Тасмағамбетов айналысты, ештеңе істемеді, сен келдің, ештеңе бітірмедің. Астанада сасық иіс бар әлі. Егер биыл шешпесеңдер, Хорошун екеуіңе Талдыкөл жағасына киіз үй тіккіземін, сонда тұрасыңдар. 6 млрд теңге жұмсалды, түк бітпеді. Астанаға кім келеді, мынадай жағымсыз иісі мүңкіп тұрса.

Елбасының бұл сөзінен кейін Елорданы жайлаған жағымсыз иістің ошағы – Талдыкөл қоқыстан тазартылып жатыр. Ұзақ жылдар бойы кәріз суының қалдығы төгілген жерді шетелдіктер де көріп, жағасын ұстап отыр.

Крис Роджерс, Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілі:

-Талдыкөлді әдейі барып көріп келдім. Расымен, иісі қолқаны қабады. Мамандар суды түбіне дейін сүзіп қоқыстан тазартып жатыр екен. Келер жылы ауа әлдеқайда тазарады деп ойлаймын.

Ауа тазарады деп Астана әкімдігі де сендіріп отыр. Айтуларынша, алдағы екі ай ішінде Талдыкөл толығымен тазарып, келер жылы жағымсыз иіс болмайды.

-Ал жауыннан кейінгі көлкіген судан Астана тек үш жылдан кейін ғана арылуы тиіс. Оның өзі әзірге нақты емес. Өйткені Үкімет арық жүйесін реттеуге қанша ақша жұмсалатынын да білмей отыр. Бұл мақсатқа әзірге тек 7 миллиард теңге бөлінбекші.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.