{metadescription}
Рио Олимпиадасы несімен есте қалды? Нәтиже қандай?
Рио Олимпиадасы несімен есте қалды? Нәтиже қандай?

Рио Олимпиадасы несімен есте қалды? Нәтиже қандай?

3 алтын, 5 күміс және 9 қола – барлығы 17 медаль! Қазақстан спортшылары Рио Олимпиадасында жүлделер саны бойынша осыдан төрт жыл бұрынғы рекордын жаңартты. Ал жалпыкомандалық есепте 22-ші орыннан көрініп, 16 жыл бұрынғы жетістігін қайталады. Левиттің күмәнді жеңілісі, Ирландия боксшысының ерсі қылығы және моңғол күрес жаттықтырушыларының ерекше наразылығымен, басқа да оқыс жағдайлармен есте қалған 31-ші Жазғы Олимпиада ойындары жайлы Ербол Тұрымбет толығырақ баяндайды.

Биылғы Жазғы Олимпиада ойындарында 91 келідегі боксшымыз Василий Левиттің күмәнді жеңілісі көрермен есінде қалары хақ. Алайда AIBA президенті жекпе-жекті қайта қарап шыққанын, ал одан төрешілердің еш қателігін көрмегенін мәлімдеді.

Чинг-Куо Ву, Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының президенті:

-Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахпен бірге бұл кездесуді көріп отырғанымызда ешқандай қателік болмағандай көрінген. Бірақ күмән көбейіп кеткен соң, біз төрешілер комиссиясы мен тәртіптік кеңес төрағасынан және сарапшыдан осы кездесуді қайта қарап шығуды өтіндік. Олар да қайта көріп шыққан соң бәрі дұрыс екеніне көз жеткізді.

Ал осы Олимпиаданың еліміз үшін ең басты жаңалығы – Дмитрий Баландиннің алтыны болғаны сөзсіз. Бұған дейін су спорты бойынша ел спорты тарихында алтын түгілі, қола жүлде де болмаған. Алтын жүлдегерлер қатарындағы Нижат Рахимов та елге оралып үлгерді. Алматы әуежайынан Рахимов бастаған ауыр атлеттердің екінші тобын әдеттегідей қалың жанкүйер күтіп алды.

Ауыр атлетикамыздың басынан дау арылмай жатса да Нижат Рахимов, Жазира Жапарқұл, Карина Горичевалар ел үмітін ақтай білді. Ал Нижаттың әкесі ұлын көруге Әзірбайжаннан араға 3 жыл салып келіп тұрған бойы екен.

Әли Рахимов, Н. Рахимовтың әкесі:

- Энвер Түркелеридің қолына өзім әкеп тапсырғам. Мықты маман екенін білем, сондықтан әйтеуір бір чемпион жасап шығарарына сендім. Әрине, қазақстандықтардың көмегінің арқасында осындай биікке көтерілді. Өте қуаныштымын.

Боксшы Данияр Елеусінов те Олимпиада алтынын ерлікпен алды. Жартылай финалдағы ауыр жарақатына қарамастан, сауатты ойын көрсетіп, 69 келідегі жеңіс дәстүрімізді жалғады.

Биылғы Олимпиаданың да қуанышынан бөлек, қызықты сәттері де көп болды. Жарыстың соңғы күнінде моңғол балуанының жаттықтырушылары төрешілер шешіміне келіспей, наразылықтың ерекше түрін жасады.

Ерсі қылықтың тағы бірін бұған дейін Ирландия боксшысы жасаған болатын. Тағы сол төрешілерге ренжіп, ортаңғы саусағын шошайтып шықты.

Сөйтіп, Рио Олимпиадасы бүгін аяқталды. Онда 46 алтын 37 күміс 38 қоламен тағы да АҚШ топ бастады. Біздің спортшылар 3 алтын, 5 күміс, 9 қола – барлығы 17 медальмен Сиднейдегідей 22 орынға тұрақтады. Бұған дейінгі биік көрсеткішіміз 13 жүлде болатын. Ал жүлдегерлеріміз теңгемен айтқанда жалпы құны 1 миллиард 551 миллион 420 мың теңгеге ие болады. Келесі Олимпиада 2020 жылы Жапония астанасы – Токиода өтеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.