{metadescription}
Астанада елді дүрліктірген Ерасыл Әубәкіровтың өліміне қатысты сотқа алқа билер араласатын болды
Астанада елді дүрліктірген Ерасыл Әубәкіровтың өліміне қатысты сотқа алқа билер араласатын болды

Астанада елді дүрліктірген Ерасыл Әубәкіровтың өліміне қатысты сотқа алқа билер араласатын болды

Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты сотқа дейінгі тыңдауға марқұмның анасы кіре алмады. Кенжегүл Әубәкірова Астанаға арнайы келгенімен, жабық жағдайда өткен отырысқа сол күйде қатыстырылмады. Ал, атышулы қылмыстық іске алқабилер араласатын болды.

Ерлан Ғазымжанов, күдікті Нұрбек Әжімбайдың адвокаты:

-Сотқа алқа билерді қатыстыруды  сұрап, өтініш жаздық. Судья рұқст берді. Менің қорғауымдағы Нұрбек Әжімбайдың өзі және оның ата-анасы да алқа билердің араласуын қалап отыр.

Бүкіл елді дүрліктірген қылмыстық іске қатысты алғашқы сот отырысы  2-ші қыркүйекте өтеді. Естеріңізге салсақ, ақпан айында Елордадағы медицина университетінің 5-ші курс сутдентін азаптап өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталған еді. Басында «қылмысқа тапсырыс берді» деп айыпталған Аян Мейірбаевты полицйелер ақырында босатып жіберді.  Ерасыл Әубәкіровке жәбір көрсетіп, ұрып, сұрау алып жатқан видеосына қарамастан, оны тергеушілер кінәсіз деп отыр. Керісінше, енді Мейірбаев Өскемендегі кәсіпкер әкесімен бірге  сотқа жәбірленуші ретінде қатыспақ. Бірақ,бүгін Мейірбаевтың өзі сотқа келмеді. Тек адвокаты жүр. Қазір  үш күдікті – Андрей Тихоненко, Виталий Шерстенев пен Нұрбек Әжімбай әлі абақтыда отыр. Оларға «қылмыстық топ құрды», «сексуалдық зорлық-зомбылық көрсетті», «адам өлтірді» деген сияқты бірнеше бап бойынша айып тағылды.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде