{metadescription}
Астаналық ата-аналар ұл-қызына мептеп формасын таппай сандалып жүр
Астаналық ата-аналар ұл-қызына мептеп формасын таппай сандалып жүр

Астаналық ата-аналар ұл-қызына мептеп формасын таппай сандалып жүр

Астанадағы оқушылар биыл киімсіз қалуы мүмкін. Жаңа оқу жылының басталуына небары бір апта қалғанына қарамастан  жүздеген ұл мен қыз әлі мектеп формасына қол жеткізе алмай жүр. Өйткені қаладағы санаулы дүкендерде ұзын-сонар кезек. Ата-аналар балаларына шақ келетін киім таппай, тігіншілерге қайта тапсырыс беруде. Сондай-ақ, мұндай қарбаласқа Елордадағы әр мектептің әр үлгіде форма белгілеуі де себеп. Киім күтіп, кезекте тұрған ата-аналармен тілшіміз Жәудір Оразхан әңгімелесіп қайтты.

- Бір ай болды форманың артынан жүргенімізге, әлі дайын емес.

Мектепке баратын ұл-қызына қоса бесіктегі баласын  көтерген  келіншектер дәл осылай күнде дүкенге келіп, бірнеше сағат кезек күтуге мәжбүр. Есіктен бастап ұзын дәлізі кісіге лық толы мына бутиктен Астанадағы 30 жуық мектептің оқушысы киінуі тиіс. Басқа жерден  сатып алуға болмайды. Ал бала саны көптігінен мұнда  әркімге шақ келетін  форманы бірден  табу қиын. Жеке тапсырыс беріп, оны тағы күтуге тура келеді. Мәселен, биыл бірінші сыныпқа баратын Әлиханның анасы ұзақ кезек күтіп, ішке кіргенімен керегін түгел таба алмады.   

Руслан болса,  мектепке баратын ұлы мен қызын жетектеп дүкенге кіріп кеткен келіншегін күтіп, екі сағаттан бері далада жүр.

Руслан Жұманов, Астана қаласының тұрығын:

-Қазіргі форманы вообще өзім ұнатпаймын мен. Бұрын өзіміз жүрдік қой, кім қалай киінеді, өзі біледі. Формаға бола қаншама очередьте жүреміз. Уақыты болғанда, сентябрь жақындағанда келеміз, оған дейін болмайды. Кезекте жүресің осылай 2-3 сағат.

Ал небары бір аптадан кейін жаңа оқу жылы басталады. Бірақ тігін  цехтары тапсырысты орындап үлгере алмауда. Уақыт жақындаған сайын асыққан  ата-аналардың кейбірі  баласын толық киіндірмей үйлеріне кері қайтуда. Өйткені биыл мектеп формасының бағасы  да қымбат, - дейді олар.  

 

Гүлзахира Тәжібаева, Астана қаласының тұрғыны:

- 24 орта мектептің оқушылары 6500 бір желетка, и кофталарының өзі 6 мың болып тұр, жай материалдың өзі. +29.07.29.Басқа киімдерге менің шамам жоқ, қазір жұмыссызбын.

 

Астана мектептеріне форманы түркиялық кәсіпкерлер тіккен. Бағасы 20 мың теңгегеден асады. Оған пиджак, юбка немесе шалбар мен көйлек кіреді. 

 

Астаналық оқушылар биыл да  бірыңғай формаға көшкен жоқ. 75 мектептің әрқайсының  өз стилі бар. Білім минситрлігі тек оқушылардың киімі классикалық үлгіде және тым ашық түсті болмауы тиіс деген талап қойып отыр. Бірақ білім ордаларында хиджап пен қысқа балақ шалбар киюге тыйым салынған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде