{metadescription}
60-тан астам адамның өмірін жалмаған зілзаладан италиялықтар ес жия алмай жатыр
60-тан астам адамның өмірін жалмаған зілзаладан италиялықтар ес жия алмай жатыр

60-тан астам адамның өмірін жалмаған зілзаладан италиялықтар ес жия алмай жатыр

Италияда жойқын жер сілкінісі болды! Зілзала елдің орталығындағы бірнеше қалада сезілген. Тіпті, Аматриче, Аккумоли қлалаларының жартысы әп-сәтте қирандыға айналыпты. Соңғы мәліметтер бойынша, жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 60 адамға жетті. Дегенмен, бұл көрсеткіш бірнеше есеге көбеюі мүмкін. Қазір зілзаладан қираған шаһарлардан құтқарушылар үйінді астында қалғандарды іздеп жатыр.

Жойқын жер сілкінісі жұрт ұйқыда жатқанда болған. Риетти аймағындағы дүмпу 6,2 балға жетіпті. Ал Италияның орталығындағы Умбрия облысында зілзаланың қуаты 5,4 болған. Яғни қатты жер асты дүмпуі бірнеше мәрте қайталаныпты. Ал сілкіністің ошағы 4 шақырымдық тереңдіктен байқалған.

Жер асты дүмпуі Лацио, Умбри, Марке облыстары мен Рим, Болонье қалаларында да сезілген. Ал, Аматриче, Аккумоли қалаларының жартысы санаулы уақытта жоққа айналған. Бұл өңірлерде үйінділерден көз ашу мүмкін емес.

- Бірінші балалар ойнап жүрген жерге қирандының құлағанын көрдік. Алғашында оның не екенін түсінбедік. Сол маңдағы адамдардың бәрі таңырқай қарады. Кейін жер сілкінісі екенін білдік. Мен өзімді жаман сезіндім.

Соңғы мәліметтер бойынша, жер сілкінісінен 60 адам қаза тапқан. Бірақ, бұл көрсеткіштің әлдеқайда артуы мүмкін. Себебі, зілзаладан кейін 150-ге тарта адам із-түссіз жоғалды. Қазір құтқарушылар қирандылардың астында қалғандарды іздеп жатыр. Бұл үшін ел билігі қажетті техникаларды бөлген.

Фабрицио Курчо, Италия Ұлттық Азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы:

- Қазір қирандылар арасында кәсіби құтқарушылар бригадасы жұмыс істеуде. Төтенше жағдай қызметкерлерінің бәрі тартылған. Біз қажетті техникаларды бөлдік. Қолымыздан келгеннің бәрін істеп жатырмыз.

Ал зардап шеккендер мен ұшты-күйлі жоғалғандар арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғын Сыртқы істер министірлігі тексеруде. Дегенмен, түннен бері оқиға орнында болған отандастырымыз жайлы еш мәлімет түспеген. Сондықтан онда жерлестеріміздің болмаған деген үміт бар. Ал Италияда жойқын жер сілкінісінің тағы қайталану қаупі бар екен. Әрі түнде болған дүмпу елдің Аквиле қаласында 7 жыл бұрын болған зілзаламен пара-пар көрінеді. Ол кезде табиғат апаты салдарынан 308 адам қырылып қалған. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде