{metadescription}
Павлодарда өгей қызын зорлаған әке сотталды
Павлодарда өгей қызын зорлаған әке сотталды

Павлодарда өгей қызын зорлаған әке сотталды

Павлодарда кәмелет жасына толмаған өгей қызын зорлаған әке сотталды. 43 жастағы азғын ендігі 11 жылын темір тордың ар жағында өткізуі тиіс.

Азғын он бесі жасар қызды алғаш рет былтырғы жылдың қарашасында зорлаған. Сыртта біреудің малын баққан ер адам кейін қыздың қол-аяғын байлап, мұнысын тағы бірнеше рет қайталаған екен. Әбден қиналған жеткіншек кейін бәрін шешесіне жайып салған. Бірақ, анасы бұған еш мән бермепті. Ақыры түсік тастаған қызын ауруханадан тапқан әйел азаматтық некедегі күйеуінің айуандығына көз жеткізген. Ал бүгін жұбайын еш айыптамайтынын мәлімдеген әйел соттан оның жазасын жеңілдетуді өтінді. Бірақ бұл арызы қанағаттандырылмады. Сот 43 жастағы Арман Рахметовті 11 жылға қатаң тәртіптегі колонияға қамау жазасына кесті. Бұған қоса, ол енді 300 мың теңге көлеміндегі сот шығынын өтеуге де міндетті. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде