{metadescription}
Қарағанды облысында ерлі-зайыптылар күйдіргі дертін жұқтырған болуы мүмкін
Қарағанды облысында ерлі-зайыптылар күйдіргі дертін жұқтырған болуы мүмкін

Қарағанды облысында ерлі-зайыптылар күйдіргі дертін жұқтырған болуы мүмкін

Қарағанды облысында ерлі-зайыптылар күйдіргі дертіне шалдығуы мүмкін деген күдікпен ауруханаға жеткізілді. Өздерін жайсыз сезінген Үшарал ауылының тұрғындары қазір дәрігерлердің бақылауында.

Ерлі-зайыптылар облыстық ауруханаға бүгін түнде шұғыл жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, бұл отбасы 16-шы тамызда жараланып қалған бар сиырды сойып, ішек-қарнын тазалап алған. Арада он күн өткен соң денелеріне белгісіз бөртпе шығып, дене қызуы көтеріліп, екеуін де әлсіздік басыпты. Қазір қажетті сынамалар алынып, сараптама жүргізіліп жатыр. Жұбайлардың қандай дертті жұқтырғаны көп кешікпей белгілі болмақ. Еске салайық, бұл Қарағанды облысында болып отырған алғашқы жайт емес. Маусым айында да сібір жарасының таралуына байланысты Еркіндік ауылында төтенше жағдай жрияланған еді. Онда ауылдың бір топ тұрғыны ауру малдың етінен күйдіргіні жұқтырып, ауруханаға түскен болатын. Кейін екеуі қайтыс болды. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

10 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.