{metadescription}
Астанада ер адам жұрттың көзінше көпқабатты үйдің балконынан секіріп өлді
Астанада ер адам жұрттың көзінше көпқабатты үйдің балконынан секіріп өлді

Астанада ер адам жұрттың көзінше көпқабатты үйдің балконынан секіріп өлді

Бүгін Астанада ер адам тура тұрғындардың көзінше  көпқабатты үйдің балконынан секіріп кетті. Баспананың кіре берісіне төселген тас жолға құлағандықтан, оның миы шашылып қалған.

Өзіне қол салған азамат  шамамен 40-45 жаста екен. Ол  Елорданың қақ ортасындағы мына үйдің жоғары қабатынан өзін-өзі тастап жіберген. Жантүршігерлік жағдайды таңертең жұмысқа шыққан ондаған тұрғын көрген. Олардың арасында ұл-қызын жетектеп балабақшаға асыққандар да бар. Оқиға орнын қоршауға алып,  полицейлер мен  криминалистер  жұмыс істеуде.  Жедел жәрдем де шұғыл жеткен. Бірақ дәрігерлердің көмегі керек болмады. Полицейлер марқұмның мүрдесін сараптамаға алып кетті. Осы демалыс күндері Астанада тағы бір жас жігіт 15-ші қабаттан өзін тастап жіберген еді. Ол да бірден көз жұмды. Шілдеде де 19 жастағы қыз  22-ші қабаттан құлап, суицид жасаған болатын. Ал, бүгін Есілдің сол жағалауындағы «Мисон» деп аталатын тұрғын үйдің жоғары қабатынан құлап, мерт болған ер адамның неге өзіне қол салғаны әзірге белгісіз.

Гүлнәр Әбдірахманова, Астана қаласының тұрғыны:

- Көп адам тұрады ғой, үй үлкен., білмейміз ғой, кім қай этажда  тұратын. Көршілерінен сұрамаса, көрішлерімізге де ештеңе естілмейді. Бізде площадька үлкен, бір-бірімізді естімейміз. Коридорға шығып ешкім айқайласпайды ғой.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

04 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.