{metadescription}
Елімізде дәрігерлер африкалық мал ауруына қарсы қандай екпе салатындарын білмей отыр
Елімізде дәрігерлер африкалық мал ауруына қарсы қандай екпе салатындарын білмей отыр

Елімізде дәрігерлер африкалық мал ауруына қарсы қандай екпе салатындарын білмей отыр

Ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер африкалық мал ауруына қарсы қандай екпе салатындарын білмей отыр. Ветеринарлар Атырау облысын дендеген нодулярлық дерматиттің алдын алатын нақты препаратты әлі таппаған. Сондықтан вирус еліміздің өзге аймақтарына да тарап кетуі әбден мүмкін.

Зейнолла Шәріпов, Ауыл шаруашылығы министрлігі департамент директорының міндетін атқарушы :

- Ендігі жылға дайындалу керек бұл енді аурудың күресіне. Біріншіден пайдаланылатын дәрілерді қазірден өзімізге алып алу керек. Ендігі жылға қаржы да болу керек қой соны алу үшін.

Өйткені бұл ауру бұрын-соңды елімізде тіркелмеген. Атырау облысында алғаш рет тарап отыр. Ресейден індет маса арқылы малға жұғады. Бірақ адамға қауіпті емес екен.Шенеуніктер індеттен келген шығын толық өтеледі деп сендіруде. Өлген малдың иелеріне өтемақы төлену үшін бюджеттен 120 миллион бөлініпті. Әрбір ірі қараға 160 мың теңгеден беріледі. Жалпы Атырау облысындағы Құрманғазы мен Исатай ауданы бойынша соңғы екі айда нодулярлық дерматитті 6200 бас мал жұқтырған, оның 800-і қырылып қалған.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде