{metadescription}
Мүгедек баласын Қытайта емдетпек болған ата-ана алаяқтарға алданған
Мүгедек баласын Қытайта емдетпек болған ата-ана алаяқтарға алданған

Мүгедек баласын Қытайта емдетпек болған ата-ана алаяқтарға алданған

Қытайда емделеміз деп, қателікке ұрынды! Сал ауруына шалдыққан балаларын емдетеміз деп Бейжің клиникаларының біріне барған ата-аналар алаяқтарға алдандық деп дабыл қағуда. Өйткені, шекара асып, қыруар шығындаған ем-домның ауру балаларына еш әсері болмапты.

Жұрт әуелде ғаламторда жарияланған мына хабарландыруға сеніп қалған. Сонда көрсетілген деректер бойынша көрші елге білікті дәрігерді іздеп барады. Ондағылар да балаларыңды бір айда аяқтан тұрғызып береміз деп уәде етіпті. Ол үшін әрқайсысынан 3-5 млн теңгеден алған. Барлығының жалпы шығыны – 70 млн теңгедей. Алайда қытайлар сал ауруын емдейтін ота емес, кәдімгі адамның косметикада жиі қолданылатын ботекс отасын жасаған. Ал ондай операция елімізде тегін жасалады екен. Ата-аналар оны кейін біліп отыр. Өйткені ота жасалғаннан кейін ешқандай әсері болмай, ауру сол қалпы сақталып қалған. Қазіргі уақытта клиниканың ғаламтордағы сайты бұғатталған, ал телефондары жұмыс істемейді. Алданып қалған ата-аналар енді ақшаларын қайтаруға көмектесуді сұрап, Сыртқы істер министрлігіне өтініш айтып отыр.

Ақтолқын Мырзабекова:

- Ұлдарымыздың өмірімен ойнаған адамдарды біз де жазалағымыз келеді. Біз тек жазылады деп бардық, ешқандай нәтиже болмады. Операцияға біз 8 мың доллар төледік, тағы қосымша 660 доллар төледік. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.