{metadescription}
Австриядан жеткізілген иісшіл иттер Елорда вокзалынан бомба іздеді
Австриядан жеткізілген иісшіл иттер Елорда вокзалынан бомба іздеді

Австриядан жеткізілген иісшіл иттер Елорда вокзалынан бомба іздеді

Лаңкестікпен күрісті күшейткен Астананың күш құрылымдары иісшіл иттерді Австриядан сатып алып жатыр. Бағасы миллион теңгеге дейін жететін төрт аяқталыр жарылғыш заттарды іздеуге үйретілген екен. Жақында Елордаға жеткізілген осындай алты ит бүгін вакзал ішін тіміскілеп шықты.

Иісшіл иттер осылайша жүк сақтау қоймасынан бастап, вокзал ішін  аралап шықты. Ештеңені қалт жібермей әрбір сөмкеге дейін тіміскілеп, кейін пойыз вагондарын да тексерді. Бірақ, қауіптенетіндей затты тапқан жоқ. Бұл овчаркалар еліміздің климатына енді үйренісіп жатыр. Кинологтар оларды үнемі адам көп жүретін жерлерде жарылғыш зат іздеуге пайдаланбақшы.

Қуаныш Байпақбай, кинолог:

-Егер ит күдікті затты тапса, оған қарап тұрып қалады. Бірақ тиіспейді. Өйткені, оған тыйым салынған. Бұл оның жарылғыш затты тапқаны туралы белгісі. Кейін сіз қауіпсіз жерге барасыз да, полицейлер ғимаратты қоршауға алып, адамдарды қауіпсіз орынға көшіреді. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде