{metadescription}
Риода өтіп жатқан паралимпиадада қазақ спортшысы алтын алып, рекорд жаңартты
Риода өтіп жатқан паралимпиадада қазақ спортшысы алтын алып, рекорд жаңартты

Риода өтіп жатқан паралимпиадада қазақ спортшысы алтын алып, рекорд жаңартты

Бразилиядан сүйінші! Рио-де-Жанейродағы паралимпиадада қазақ спортшылары алғашқы алтынды жеңіп алды. 50 жастағы Зүлфия Ғабидуллина жүзу бойынша өзгелерден үздік болды. Осылайша қазақтың мүмкіндігі шектеулі спортшыларының аяқ алысы жаман емес. Одан бөлек әлі алтын алады деп үкілеп отырған 10 адамымыз бар.

Жүзуден әлемнің алты дүркін чемпионы Зүлфия Ғабидуллинаның басты арманы олимпиада алтыны болатын. Бразилияда кеше жарыс жолына шыққан суда жүзу шебері тек бірінші орын алып қана қоймай, әлем рекордын жаңартты.

Еркін жүзу стилі бойынша 100 метр қашықтықта сынға түскен Зүлфия әлемдік рейтингте үздік 8 спортшының қатарына кірген. Оның жеңісі – ел үшін көптен бері күткен жүлде. Себебі осы уақытқа дейін Қазақстанның паралимпиада құрамасы 4 жылда бір өтетін дүбірлі додада алтынға қол жеткізбеген болатын. Анасының жеңісін тікелей эфирде көре алмаған қызы Руфия қуанышты хабарды тек таңертең ғана естіпті.

Руфия Ғабидуллина, Зүлфия Ғабидуллинаның қызы (ауд)

- Мен өз анамды мақтан етемін. Ол өмірдегі қиындықтарға қарамастан мықты бола алды. Мен де ол сияқты болғым келеді. Анамның жетістіктерін естіген кезде мен қуанамын.

Зүлфияның жеңісіне онымен бір бассейнде бірге жаттығатын Зарина Мырзағалиева да қуанып жүр. Оның айтуынша, бұл жеңіске спортшы ұзақ дайындалған. Жаттығудан қалмай, бар күш-қуатын мақсатына жетуге жұмсапты.

Зарина Мырзағалиева

Таңертен жаттығуға келіп, спортзалда қыздырынады. Ал түстен кейін жүзуге кіріседі. Міндетті түрде мың мертді жүзіп өтіп, содан соң өз межесін орындайды. Ол Риоға барып, жеңуді армандады. Ұсақ-түйек жарыстарға бармай, осы додаға дайындалған. 

Алтыннан алқа таққан спортшымыз Рио-де-Жанейродағы жарысқа әлі 5 рет шығады. Сонымен қатар, Қазақстанның намысын қорғауға кеткен тағы 10 спортшы жүлделерімен қуантуы мүмкін. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.