{metadescription}
Терактіден кейін полиция ғимараттарына биік қоршаулар қойылып жатыр
Терактіден кейін полиция ғимараттарына биік қоршаулар қойылып жатыр

Терактіден кейін полиция ғимараттарына биік қоршаулар қойылып жатыр

Құқық қорғау органдары мен әскерилерге қарсы жасалған жаздағы лаңкестік шабуылдардан кейін бұл мекемелерде қауіпсіздік шаралары күшейтілуде! Полиция ғимараттарының маңайына кәдімгі бекініс сияқты биік қоршаулар орнатылып, жаңа қақпалар қойылып жатыр. Бұған қоса, сыртқы қақпасында бақылау пункттері пайда болған.

Жазда Ақтөбе мен Алматыда болған қанды оқиғалар әлі де ел есінде. Қос жағдайда да лаңкестер күш құрылымдарын нысанасына алды. Полиция мен басқа да шұғыл қызметтер отырған ғимараттардың содырларға төтеп беруге жарамсыз екені сол кезде айтылған болатын. Сөйтіп сыртқы қоршауларды бекіту шұғыл қолға алыныпты. Қазір еліміздегі мұндай ғимараттардың дарбазалары жаппай нығайтылып жатыр.

Әсіресе, лаңкестер шабуыл жасаған нысандар басты назарда. Содырлар автобуспен бұзып өткен Ақтөбедегі әскери бөлімнің қақпасы жаңартылған. Тек қаңылтырдың орнына қайтадан қаңылтыр қойылыпты. Ұзындығы да адам бойынан аспайды. Ал қаскөйлер баса көктеп кірген Алматыдағы Алмалы ауданы ішкі істер басқармасының ғимараты таспен қаланып қоршалуда.

-Қазір биік қоршау мен бақылау пункті тұрғызылып жатыр. Енді ғимаратқа тек қолында төлқұжаты бар адамдар кіре алады. Немесе қызметкерлер оны шыққанша бақылап жүреді. Жыл соңына дейін Алматыдағы барлық аудандық полиция бөлімдеріндегі қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

Еліміздің өзге өңірлерінде де дәл осындай жағдай. Алайда қауіп жаңа қоршау қоюмен сейілмейтіні анық. 

Досым Сәтбаев, саясаттанушы:

- Жанкештілермен бұлайша күресудің еш пайдасы жоқ. Бәрі құқық қорғау саласы қызметкерлерінің шеберлігіне байланысты. Кез-келген жағдайда шапшаң жұмыс істей білу қажет. Ал тастан қаланған қоршауды террористердің бұзып өтуі қиын болмас. Қайта қару-жарақ сататын дүкендерді бақылауға алу керек.

Бұған қоса, құқық қорғау органы ғимараттарының сыртқы қақпасында бақылау пункттері пайда болған. Яғни оған кіріп-шыққан адамдар енді бұрынғыдан да қатаң тексерілмек. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.