{metadescription}
Ақтөбеде лаңкестер шабуылдаған қару-жарақ дүкенінің қожайынына қатысты сот басталды
Ақтөбеде лаңкестер шабуылдаған қару-жарақ дүкенінің қожайынына қатысты сот басталды

Ақтөбеде лаңкестер шабуылдаған қару-жарақ дүкенінің қожайынына қатысты сот басталды

Ақтөбеде лаңкестер шабуыл жасаған қару-жарақ дүкенінің директорына қатысты сот басталды. Дегенмен, процесс ұзаққа созылмайтын сияқты. Себебі Артем Горлаев өзіне тағылған айыптың барлығымен келісіп, тіпті шешімнің шұғыл шығарылуын сұраған.

Заңға сәйкес мұндай жағдайда жаза жеңілдетіледі. Енді мемлекеттік айыптаушының ұсынысын күтуден басқа амалы жоқ. Айта кетелік, маусым айында болған қанды қырғын кезінде содырлар қолында кеткен қару «Паллада» дүкенінен алыныпты. Өйткені сауда орнында мылтықтар дұрыс сақталмаған. Сөреде оқ-дәрімен жарақталған тапаншалар мен мылтықтар ашық тұрыпты. Яғни бұл – кез-келген адам ұстап көріп, дүкеншіден тартып алуға мүмкіндігі болды деген сөз. Осы «Палладаға» үш ай бұрын содырлар кірген бойда сатушыны атып өлтірген болатын. Ал кассир қыз стол астына жасырынып, дабыл тетігін басып үлгерген. Сондай-ақ, дүкен маңында көлігінде отырған зейнеткер де оққа ұшқан еді. Енді сот шешімі келер аптада шығады. Оған дейін прокурорлар келісімге келу туралы сотталушының берген өтінішіне қатысты жауап беруі керек.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде